қазақша · русский · english
 
 
 
30.01.2018

Польшадагы семестрлік оқудың аяқталуы

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша 2 курс студенттері өз оқу семестрлерін аяқтауда. Біздің екінші курс студенттеріміз алған әсерлерімен бөлісті:

 

«Польшаның Слупск қаласындағы Помор Академиясында оқыған семестрлік оқуымызды қорытындай келе төрт ай бойы шетелде білім алуға мүмкіндік берген біздің университетімізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Біз мұнда үлкен тәжірибеден өттік. Оқытушылар өз дәрістерін жоғарғы деңгейде өткізеді. Сабақтар әрқашанда өте қызықты және тартымды түрде өткізілді.

 

Егер де студенттік өмірдің тұрмыстық жағын алатын болсақ, жатақханаларда барлық жағдайлар жасалған, ал университеттік ғимараттарда сабаққа дайындалуға және демалуға арналған қажетті заттармен қамтылған.

 

Помор Академиясынынң Неофилология институтында біз өз еліміз туралы презентация көрсеттік. Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институтының студенттері поляк достарымызға Қазақстанның көрікті жерлері мен халқымыздың салт-дәстүрлеріміз жайлы айттып берді. Біздің топтастарымыз бен оқытушыларымыз елімізге қызығушылықпен қарады. Қазақстан туралы сұрастырып, тіпті жолдың құны туралы да сұрады.

 

Біздің Слупсктағы сапарымыз болашақ мамандығымызға қажетті жаңа білім берді, сонымен қатар ұмытылмас әсер қалдырды.

 

Академиялық ұтқырлық тобы атынан - Анна Балханова».

 

       

 

       




Кері оралу