қазақша · русский · english
 
 
 
26.02.2018

 

«Сіз біздің университетті білесіз бе?» сұрақ-жауап ойыны

 

2018 жылдың 22 ақпанда Тарих және құқық институтының негізінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдығына арналған институтаралық іс-шара өткізілді.


Іс-шара жүргізушілері қонақтарды университеттің қалыптасуының негізгі кезеңдерімен таныстырып, жоғары оқу орнының басымды қырларын ерекше атап өтті. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық тарихы туралы деректі фильмнің көрсетілімі университеттің басты жетістіктері, сонымен қатар бірінші басшыларының бастан кешкен қиындықтары туралы білуге мүмкіндік берді.

 

«Сіз біздің университетті білесіз бе?» сұрақ-жауап ойынына университетіміздің 5 командасы қатысты:

 

1-ші команда Математика, физика және информатика институтының «Математика», «Физика» мамандықтарының студенттері Аршын Байсал, Әсем Еркінова, Жанбота Қойлыбаева, Шырын Берліқожа, Нұржан Айжарқынов.

 

2-ші команда Педагогика және психология институтының «Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану»,«Педагогика және психология», «Психология», мамандықтарының студенттері Аружан Саурбай, Жансая Наренова, Молдир Рахимкулова, Асель Бураханова, Қарлығаш Жұмабай.

 

3-ші команда Жаратылыстану және география институтының «Биология» мамандықтарының студенттері Асылзат Калдарбек, Лашын Уразгалиева, Айгерим Садыкова, Наркиз Нысанбайкызы, Мадина Мейрамова.

 

4-команда Өнер, мәдениет және спорт институтының «Графика», «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтарының студенттері Айбек Әбдіқадыр, Асет Конысбаев, Ерасыл Курманакын, Диана Нурланкызы, Феруза Сейтмуратова.

 

5-ші команда Тарих және құқық институтының «Тарих» мамандыктарынын студенттері Сат Абил, Асия Аскарбек, Ғалымжан Айткалиев, Ақзада Таженова.

 

Студенттер өздерінің университетінің тарихын терең білетіндіктерін көрсете алды, барлық қойылған сұрақтарға жауап берді. Командалар және ұйымдастырушылар мадақтамалармен және алғыс хаттармен марапатталды.

 

Тарих және құқық институтының студенттері домбырамен сүйемелденген музыкалық нөмірлерді ұйымдастырды. Іс-шараның қатысушылары мен қонақтары танымал әндерге қосыла ән салды: бұл іс-шара ешкімді бей-жай қалдырмады.

 

Аталмыш іс-шара білім беру және тәрбиелік маңыздылығымен ерекшеленіп, педагогика саласының қара шаңырағында Сәкен Сейфуллин, Ораз Жандосов, Сәбит Мұқанов, Белгібай Шалабаев, Құдайберген Жұбанов және т.б. сынды танымал ақындар, жазушылар, қоғам қайраткерлері ағартушылық қызмет еткендігі және жоғары білікті педагогтарды дайындауда атқарған маңызды рөлі туралы айтылды.

 

Бұл іс-шарада университеттің басты міндеті - жаңа қалыптасқан кадрларды сапалы дайындау, бәсекеге қабілетті, прогрессивті ойлау, өзіне-өзі және қоғамға шығармашылық пен жасампаздықпен қарау «тайға таңба басқандай» айқын көрсетілген. Сондықтан, біздің университеттің түлектері ғылым, білім және мәдениет саласында жетекші орындарға ие, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың, оқу орындардың, ғылыми-зерттеу институттардың және зертханалардың басшылары.

 

  

 

  

 

  




Кері оралу