қазақша · русский · english
 
 
 
20.02.2025

Кітап бұрышы


Ғылым декадасы аясында Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының жеке кітап қорынан филология институтының оқу залында кітап бұрышы ашылған болатын. Бұл кітаптар кафедраның оқытушыларының өздері жинаған және студенттерімізге оқу үшін қолжетімді болуы мақсатында ұйымдастырылды. Бүгін осы кітапханадағы кітап қорымыз 71 түрлі кітапқа, жалпы саны - 413 данаға (жалпы соммасы- 411 555,38 теңге) ұлғайды. Кітаптар М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтынан Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және өқыту әдістемесі кафедрасына берілді. Осындай үлкен сый жасаған институт басшылығына алғысымызды білдіреміз. Бұл кітаптар әдеби бағыттағы соңғы зерттеулер болғандықтан, студенттерге, магистранттар мен докторантарға таптырмас қазына екендігі даусыз.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу