қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2025

«Қытай тілін оқытудағы инновациялар және цифрлық технологиялар» халықаралық семинары


2025 жылдың 7 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология факультеті Қытай тілі және қытайтану кафедрасы «Қытай тілін оқытудағы жаңа мүмкіндіктер: әдістер, жасанды интеллект және мобильді қосымшалар» тақырыбында халықаралық ашық семинар өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты - қытай тілін оқытудың заманауи әдістерін, жасанды интеллект пен цифрлық платформалардың қолданылуын талқылау және халықаралық білім беру тәжірибесін алмасу болды.

Негізгі баяндамашылар:
 Ph.D. Ван Шуян (Цзянси ғылым және технология педагогикалық университеті, Қытай) «Халықаралық қытай тілі грамматикасын оқытудың принциптері» тақырыбында грамматикалық қиындықтарды жеңудің инновациялық тәсілдерін ұсынды.
 Доцент Гулия Алиханқызы (Абай университеті) «Интеллекттің көмегімен қытай тілін оқытудың тиімді әдістері» туралы баяндамасында Као Han сияқты құралдардың тіл үйренудегі рөлін талдады.
 Абылай Мұхаджан (4-курс студенті) «KaoHan» мобильді қосымшасын таныстырып, оның сөздік, грамматикалық тестер және AI-ассистент мүмкіндіктерін көрсетті.

Қатысушылар мен пікірлер:
Семинарға Қазақстан мен Қытайдың көптеген университеттерінің өкілдері қатысты, соның ішінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕНУ филологы Әбілхан Исаев, Jiangxi Science Technology Normal University, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан университеті және басқа білім беру мекемелерінің мамандары болды.

Оқытушылар мен зерттеушілер AI-технологиялардың тіл оқытудағы тиімділігін растады, студенттерге арналған интерактивті платформаларды дамыту қажеттілігін атап өтті және еліміздегі «қытайтану» саласының халықаралық деңгейде дамуы үшін ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.

Семинар жаңа білім беру жобаларының пайда болуына және инновацияларды енгізуге бағытталған бастамаларды қолдауға ықпал етті.

 

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу