қазақша · русский · english
 
 
 
18.04.2025

«Қазақ тілі сабағында оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру жолдары» атты семинар-практикум


 2025 жылдың 16 сәуірінде Профессор Г.Қосымованың ұйымдастыруымен №81мектеп- гимназияда 6B01701-қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының практиканты 3 жылдық 3 курс студенті Сапархан Балнұр «Қазақ тілі сабағында оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру жолдары» деген тақырыпта семинар-практикум өткізді.

 

Семинар-практикумның мақсаты мектеп ұжымы мен практикант студентерге қазақ тілі сабағында ақпаратты құзыреттілікті дамытудың жаңа технологиялары мен әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызын көрсету, семинарға қатысушылардың өз тәжірибесімен бөлісу, мәтінмен жұмыс кезіндегі қиындықтарды жеңудің жолдарын қарастыру болды. Семинар жоғары деңгейде өтті, АКТ құралдарын қолданудың нақты әдістері көрсетілді, пән мұғалімдері мен студент-практиканттардың ұсыныстары айтылды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу