қазақша · русский · english
 
 
 
03.04.2018

Практикалық тілдер кафедрасы сенбілік жұмысына белсене қатысты

 

2018 жылдың 31 наурызында Университеттің қызметкерлері мен оқытушылары университеттің аумағында және университет айналасындағы орындарда тазалау жұмыстарын жүргізді. Практикалық тілдер кафедрасы сенбілік жұмысына белсене қатысты. Университет ректоры Такир Балықбаев алғы сөзінде жұмысқа сәттілік тілеп, алғашқы болып қылқан жапырақты ағаш отырғызды. Сенбілік институт директорларының бір-бір ағаштан отырғызуларымен жалғасты. Филология және көптілді білім беру институтының ұжымы өздеріне белгіленген университеттің бас ғимаратының жанындағы аумақта ынтагерлікпен жұмыс істеді. Университеттің барлық оқытушылары үшін үлкен дастархан жайылып, дәмді палау ұсынылды.

 

Университетте жасыл қорды белсенді түрде жаңартып отыру жұмыстары белсенді жүріп жатқандығын айта кеткен жөн. Университет - біздің ортақ үйіміз, және ондағы тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету біздің парызымыз. Біздің ортақ мақсатымыз - оны тазарту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасау.

 

Сенбілік сәтті өтті!

 

       

 

       




Кері оралу