қазақша · русский · english
 
 
 
20.05.2025

«Amanat» партиясы Филология факультетінің студенттеріне партия билеттерін табыстады


2025 жылғы 20 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне «Amanat» партиясы Медеу аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ержан Медеуов арнайы келіп, Басқарма төрағасы-ректор, «Жоғарғы білім» - Бастауыш партия ұйымының төрағасы Болат Тілеппен кездесті.

 

Кездесу аясында партия қатарына өткен Филология факультетінің студенттері - Айгерім Отарбай, Ақбота Акимбекова, Ұлмекен Ахмет және Сабина Айдынқызына партия билеттері табысталды.


Партия билеттерін Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аппарат басшысы, «Жоғарғы білім» - Бастауыш партия ұйымының орынбасары Жанатбек Ішпекбаев табыс етті.

 

Салтанатты рәсім барысында түлектер қауымдастығының жетекшісі, «Жоғарғы білім» - Бастауыш партия ұйымының орынбасары Болатбек Нұрбатыров партияның жаңа мүшелерін құттықтай отырып, өздерінің жаңа мәртебесіне барынша жауапкершілікпен қарап, партияның нығаюы мен дамуына қажырлы үлес қосуларына тілек білдірді.

 

Айта кетсек, Абай университеті 2024 жылы «Amanat» партиясының 11 жобасы аясында 243 іс-шара өткізген. Бүгінде партия мүшелігіне өткендердің жалпы саны - 710 адам, оның ішінде 382-сі - студенттер, 328-і - профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер.

 

  alt=  


  alt=  

 

  alt=  


  alt=  





Кері оралу