қазақша · русский · english
 
 
 
07.04.2018

Филология және көптілді білім беру институтының ғалымдарының еңбектерімен танысу көрмесі өтті

 

2018 жылдың 2 сәуірінде Ғылымның онкүндігі - 2018 аясында Филология және көптілді білім беру институтының практикалық тілдер кафедрасының ғалымдарының еңбектерінің кітап көрмесі өтті. Көрмеде «Орыс тілі», «Қазақ тілі» кафедраларының пәндері бойынша ғылыми жұмыстар, монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары ұсынылды.

 

Мысалы, Кәсіби орыс тілі. «5В011500 - Құқықтану және экономика негіздері» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы / Бекишева Р.И., Кажигалиева Г.А. - Алматы: ҚазҰПУ «Ұлағат» баспа үйі. Абай, 2016 ж. - 196б.; Кәсіби орыс тілі. «5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы / Қажигалиева Г.А., Бекишева Р.И. - Алматы: ҚазҰПУ «Ұлағат» баспа үйі. Абай, 2016 ж. - 384б.; Орыс тілі: студенттер үшін оқу құралы. 1-бөлім. / Бекишева Р.И., Қажығалиева Г.А., Тоқтамбаев Р.К. - Алматы: ҚазҰПУ «Ұлағат» баспа үйі. Абай, 2014. - 288с. және тағы басқалар.

 

Бүгінгі заманауи серпінді әлемде ғылым - мықты және гүлденген мемлекетті құрудың негізі. Институттың оқытушылары белсенді түрде ғылыми зерттеулермен айналысады. Аталмыш көрмеде профессор-оқытушылар құрамының ғылыми жұмыстарының нәтижелерін көре алуға мүмкіндік болды.

 

       

 

       

 

     




Кері оралу