қазақша · русский · english
 
 
 
13.04.2018

«ҚазҰПУ және Алаш: тағылым мен тағзым» ғылыми жоба байқауы

 

2018 жылдың 12 сәуір күні Филология және көптілді білім беру институты Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «ҚазҰПУ және Алаш: тағылым мен тағзым» тақырыбында докторанттар мен магистранттар арасында ғылыми жоба байқауы болды.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90-жылдық және Алаш қайраткерлерінің 100-жылдық мерейтойына байланысты өткен ғылыми жобаға 13 магистрант пен докторанттар қатысты.

 

Ғылыми жоба байқауын Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Жанат Дәулетбекова ашты. Ғылыми жоба байқауы барысында ҚазҰПУ -дің Ғылыми департамент директоры Саябек Сахиев Алаш зиялылары туралы біраз ақпарат беріп, ғылыми жобаға қатысушыларға сәттілік тіледі. Ізденушілер түрлі тақырыпта ғылыми жобаларын қорғады. Ғылыми жоба нәтижесін қазылар алқасы (кафедра меңгерушісі Жанат Дәулетбекова; проф. Жаңалық Балтабаева; доцент Айман Қобланова; аға оқытушы Ерлан Қасенов) бағалап, Ғылыми жобада жүлделі орыннан көрінген магистрант пен докторанттар: І дәрежелі диплом иегері - Айболат Набидуллин (ғыл.жет: Жанат Дәулетбекова), ІІ дәрежелі диплом иегерлері - Мадина Маликова (ғыл.жет: Нағима Ильясова); Назира Бекқожаева, Анар Сарыбаева (ғыл.жет: Жанат Дәулетбекова); ІІІ дәрежелі диплом иегерлері - Нұргүл Қилыбаева, Айдана Бурасанова (ғыл.жет: Гүлбану Қосымова); Ержан Арын (ғыл.жет: Жаңалық Балтабаева); Ардагер Несібелді (ғыл.жет:Райгүл Рахметова); Жанна Ербосын (ғыл.жет: Гүлзат Раева) дипломдармен марапатталды.

 

Ғылыми жобаға қатысушылар осы байқауды ұйымдастырған кафедраға және осы сайысқа жауапты п.ғ.д., доцент Райгүл Рахметоваға алғыстарын айтты.Сонымен бірге қатысушылар тарапынан университет қабырғасында осындай ауқымды ғылыми жобалардың жиі бастау алып, жалғасын табуына ұсыныс білдірді.

 

       

 

       




Кері оралу