қазақша · русский · english
 
 
 
19.04.2018

«Қазақ тілі» пәнінен қалалық олимпиада

 

2018 жылдың 18 сәуір күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасында мемлекеттік тілді дамыту мақсатында Алматы қаласы жоғары оқу орындарының өзгетілді студенттері арасында «Менің Отанымның мемлекеттік тілі» тақырыбында «Қазақ тілінен» дәстүрлі қалалық пәндік олимпиада өтті.

Олимпиадаға Алматы қаласының жоғары оқу орындарынан 6 команда қатысты. Қара шаңырағымыздан өзге ұлт өкілдерінің 1 курс студенттері Солмаз Суманиева, Сумбат Илиева, Азиз Абдушакиров қатысып, «Қазақ тілі» пәні бойынша теориялық білімдері мен танымдық деңгейлерін жоғары дәрежеде көрсетті.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің практикалық тілдер кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Зейнеп Османова жетекшілік еткен «Парасат» командасы Бас жүлдені жеңіп алды.

 

Құттықтаймыз!!! Биік шыңдарға жете беріңдер!!!

 

         

 

         




Кері оралу