қазақша · русский · english
 
 
 
22.05.2018

Ғылыми іссапардың нәтижесі туралы ақпарат: зерттеудің негізгі нәтижелерін апробациялау

 

«Қазақстанның көптілділік білім беру жағдайында болашақ пән оқытушыларды тілдік даярлаудың құзыретті-коммуникативтік моделі» ғылыми жобасын жүзеге асыру, жүргізіліп отырған зерттеудің негізгі нәтижелерін апробациялау мақсатымен практикалық тілдері кафедрасының профессоры Гүлмира Қажиғалиева, филология ғылымдарының кандидаты, аталмыш кафедраның доценті Гүлмира Қадырова, филология ғылымдарының кандидаты, доценті Алмагүл Маймақова ағымдағы жылдың мамыр айының 11 және 18 аралығында Баку қаласына (Әзірбайжан) Әзірбайжан университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Тұрақты даму және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысуға жіберілді.

 

Көлемі мен географиясы бойынша аталмыш конференция гуманитарлық ғылымдар бойынша ең ірі іс-шара болды. Оған 15 елден, оның ішінде Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Грузия, Украина, Бразилия және т.б. ғалымдары қатысты.

 

Тақырыптық бағыттар шеңберінде, келесідей мәселелер талқыланды: 1) «Жаһандану және макроэкономикалық даму»; 2) «Халықаралық экономикалық қатынастардың өзекті мәселелері»; 3) «Инновациялық және сандық экономика»; 4) «Өндіріс экономикасы»; 5) «Тұрақты дамуда айқын емес логиканы қолдану»; 6) «Гуманитарлық проблемаларды шешудегі АКТ рөлі»; 7) «Тіршілктің түрлі салаларының әлеуметтік дамуы»; 8) «Әлеуметтік саясат»; 9) «Тіл және әдебиет»; 10) «Әлеуметтік ғылымдар». Конференцияда тұрақты даму тақырыбын нақты ғылыми салалардың өзіндік көз қарастары бойынша бөліп қарастру қызықты пікірталастар туғызды.

 

Тұрақты даму ең алдымен, адам қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бір-бірімен ғылыми-технологиялық даму, жеке даму, институционалдық өзгерістер, табиғи ресурстарды пайдалану, инвестиция бағыты үйлестіру, және ағымдағы және болашақ әлеуетін нығайту болып табылатын экономикалық және әлеуметтік өзгерістер процесі болып табылатыны белгілі. Сондықтан озық технологиялар және олардың қоғамның барлық салаларына үнемі әсер ету барысында ғылыми қоғамдастықтың, оның ішінде, гуманитарлық ғылымдар саласында тұрақты даму тұжырымдамасы басты назарға алынды.

 

Бұл конференция жоғарыда аталған ғылыми жоба шеңберінде авторлар ұжымы жүргізген зерттеулердің негізгі ережелерін апробациялаудың оңтайлы платформасы болды. Атап айтқанда, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гүлмира Қажығалиева барлық біріккен авторлардың атынан (Розалинда Шаханованың басшылығымен) «Қазақстанның мәдени және білім беру кеңістігіндегі инновациялық жағдайлардағы пән мұғалімінің тілдік білім беруі туралы» тақырыбында баяндама жасады. Профессор Гүлмира Қажығалиева Қазақстанның қазіргі заманғы көп тілдік мәдени-білім беру кеңістігінде қызмет істейтін болашақ пән педагогтардың тілдік білім беруі өзіндік ерекшеліктерге ие екендігін атап өтті.

 

Мысалы, Қазақстанда орыс тілін оқытуда (оның барлық үш нысандарда: ана тілі, ана тілі емес, шет тілі), баяндамашы көп тілді мәдениеттер үшін жағдай жасаушы үш типті көп мәдениетті кеңістік құрылады. Олар: I. орыс тілінде білім беретін мектеп/ университетте білім алушылар полилог үдерісіне түседі: а) бастапқы негіз болып табылатын туған (орыс) мәдениеттен білім алу тілі ана (орыс) тілі б) орыс тілінде Қазақстандық нұсқасы болып табылатын қазақ мәдениеті. II. Мектеп / жоо-ның қазақ тiлiнде білім алушылары полилог үдерісіне түседі: а) бастапқы түпнұсқасы болып табылатын орыс мәдениетінен - ана тілі болып табылмайтын (орыс) тілі және б) орыс тілінде қазақстандық нұсқасында ұсынылған туған (қазақ) мәдениеттен. III. Шетелдік білім алушы туған мәдениетінің тасымалдаушысы ретінде полилог үдерісіне түседі: а) түпнұсқа болып табылатын орыс мәдениетінен - шет тілін (орыс тілі) үйренуге және б) орыс тілінде берілген қазақстандық нұсқасы ретінде қазақ мәдениетінен.

 

Баяндамашы аталмыш зерттеу аясында орыс тілі ана тілі емес ретінде қызмет ететін екінші көпмәдениетті кеңістік жаңартылып, жаңдана түсетіндігін атап көрсетті.

 

Гүлмира Қажигалиеваның айтуынша, жүзеге асырылып отырған зерттеуді анықтаушы қағидасы ана тілінің орынына ана тілі емес/ шет тілін оқу, ал ана тілімен бірге ана тіліне басмдылық беріп, олардың органикалық байланыстыруды зерттеу болып табылатындығын атап айтты. Гүлмира Қажигалиева атап өткендей, бұл тұрғыда тек үйлесімді көптілділікті орнатуға болады.

 

Орыс тілін осы көптілділік контексте оқытуды инновациялық түрде жүзеге асыру барысында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін интегративтік мүмкіндіктерді пайдалану мақсатында құзыретті-коммуникативтік тәсіл негізінде құрылу болып табылады.

 

Баяндама тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды: білім беру бағдарламалары, Қазақстандағы жоғары білім беру саласындағы білім мазмұны, оның ішінде тіл үйрену саласы бойынша түрлі сұрақтар қойылды.

 

Осылайша, конференция тиісті ақпаратпен алмасу, жаңа идеяларды талқылау және гуманитарлық ғылымдар саласында жұмыс істейтін ғалымдардың жаңа ғылыми нәтижелерін апробациялау үшін алаң болды.

 

           

 

        




Кері оралу