қазақша · русский · english
 
 
 
14.01.2019

Кафедраның оқытушылары - жоғары сынып оқушыларына барады


2019 жылдың 11 қаңтарында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары доцент Рысжан Бекішева, аға оқытушы Рошангул Тохтамова, PhD докторы Аида Нурбаева Алматы қаласының №71 лицейінде кәсібі бағытталған жұмыс жүргізді.


Оқытушылар университеттің көп жылдық тарихы, құрылымы, мамандықтары, сондай-ақ оны дамыту перспективасымен таныстырды. Кездесу барысында оқыту бағыттары, университетке құжаттарды ережелері жайлы, Абай атындағы ҚазҰПУ туралы жарнамалық материалдар таратылды. Іс-шара барысында мектеп оқушылары біздің университет туралы бейнебаянды, оқу-әдістемелік жұмысы туралы, университеттің мәдени және қоғамдық өмірі туралы презентацияларды тамашалады.


Мектеп оқушылары Қазақстанның алдыңғы қатарлы педагогикалық университеті туралы көбірек мәлімет алу үшін университеттің Ашық есік күніне келуге ниет білдірді.

 

   

 

   

 




Кері оралу