қазақша · русский · english
 
 
 
25.03.2019

«ХХІ ғасыр мұғалімінің портреті» атты дөңгелек үстел

 

2019 жылдың 20 наурызында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы жыл сайынғы «ХХІ ғасыр оқытушысының портреті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Биылғы жылы Алматы мектептерінің мұғалімдері педагогиканың өзекті мәселелерін талқылауға қатысты.


Барлық баяндамалар қызықты және көп мағлұмат берді. Атап айтқанда, Зухра Бердігожина оқушылар мен олардың ата-аналары ұсынған мектеп мұражайы туралы айтып берді. Мұғалімдер Марина Асылбекова, Айгүл Амитова, Айжан Омарханова жаңартылған бағдарлама бойынша сабақтарды ұйымдастыру туралы ақпарат берді.


Дөңгелек үстелдің жұмысын педагогика ғылымдарының докторы, профессор, қазақстандық білім беру кеңістігінде талаптарға сай көптеген ғылыми және әдістемелік жұмыстардың авторы Мариям Кондубаева қорытындылады.


Кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Әбішева дөңгелек үстелдің спикерлері мен қатысушыларын дипломдармен марапаттап, құттықтады.

 

   

 

  




Кері оралу