қазақша · русский · english
 
 
 
16.04.2019

Ашық сабақтар: Әріптестерімізден үйренеміз


2019 ж. 2-12 сәуір аралығында Университетте өткізілген ғылым апталығы аясында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары филология ғылымдарының докторы Бақытгүл Жұмағұлова мен филология ғылымдарының кандидаты Гүлнұр Байшұқырова «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы топтарында «Орыс тілі» пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы - «Реферат. Реферирование». Ашық сабаққа кафедра мүшелері - кафедра меңгерушісі, профессор Сәуле Әбішева, профессор Қарлығаш Бұзаубағарова, доценттер Мадина Абаева мен Алмагүл Маймақова және т.б. қатысты. Ашық сабақтар қорытындысын талқылау нәтижесінде талапқа сай деген пікір мен қатар сабақта қоданылған әдіс-тәсілдер бойынша нұсқаулар берілді.


Жаңа тақырыпты зерделеу барысында оқытушылар студенттермен жұмыс істеудің түрлі шешімін пайдаланды. Ашық сабақтың басты әдістемелік мақсатының тереңдігі және оны толық ашу жолына сай осы тәжірибені өзге оқытушылардың да қолданысқа алуына нұсқау берілді.

 

   

 

 




Кері оралу