қазақша · русский · english
 
 
 
17.04.2019

Біздің студенттеріміз Республикалық форумның лауреаттары


2019 жылдың 15 сәуір күні Орыс тілі мен әдебиеті факультетінің 1 курс студенттері Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Жастар жетістігі - ұлт жетістігі» тақырыбымен өткізілген Республикалық студенттік форумға қатысты.


Студенттер үш сала бойынша өткізілген жұмысқа қатысты:
1. Интеллектуалдық сала ғылым, қоғам, өнер және бизнес тақырыбындағы «Теория және тәжірибе» білім лонгриді. Бұл тақырып аясында «Білім саласындағы жаңалық нарықтық экономика жағдайындағы табысты тұлға қалыптасуының алғышарты» тақырыбымен студент Дәуенова Жаннат баяндама жасап ол мектеп пен жоғары оқу орны жүйесіндегі реформалардың оңтайлы және тиімсіз жақтарына тоқталы.
2. Бизнес моделдерді ұсыну және қорғау саласындағы «Жаңа бизнес идеялары, жобалары» тақырыбы бойынша «ҰБТ және әдебиет пәні сынағына дайындалу үшін қосымшаларды құру» тақырыбымен Зарина Дүйсембаева сөз алды.
3. «Қазіргі мегаполистің субмәдениеттері» (театрландырылған көрініс - шығармашылық сайыс) арт-алаңқайы.

  
Жобаға қатысқаны үшін Дүйсембаева Зарина «Цифрлық жақсы бастама» номинациясы бойынша марапатталды.


«Қазіргі мегаполистің субмәдениеттері» (театрландырылған көрініс - шығармашылық сайыс) жобасына қатысқаны үшін Абай атындағы ҚазҰПУ командасы:

1. Диана Бекежанова
2. Жаннат Дәуенова
3. Зарина Дүсембаева
4. Ералы Мәуенғали
5. Әсемгул Мүсрепова
6. Әсем Оқтамбек
7. Лидия Серікова марапатталды


Сайысқа 5 жоғары оқу орны: Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, АlmaU (Алматы Менеджмент Университет), АТУ, Абай ат. ҚазҰПУ және шара ұйымдастырушылары қатысты.

 

   

 

  




Кері оралу