қазақша · русский · english
 
 
 
18.04.2019

Мақамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті магистранттарының тағлымдамасы

 

2019 жылдың 8 -18 сәуір аралығында орыс тілі мен әдебинеті кафедрасында Батыс Қазақстан облысы Орал қ. келген магистранттар тағлымдамадан өтті.


Тағлымдаманың бірінші күні қонақтар кафедра тарихы, оқытушыларымен танысып магистранттардың түрлі оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстан тұратын тағлымдамасының жоспарымен танысып, кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д. профессор Сәуле Абішевадан жан-жақты кеңес алды.


9 сәуірде академиялық мобилділік бөлімі Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті магистранттарымен кездесу өткізді, мұнда кафедралар меңгерушілерінің жоспары қаралып, бекітілді. Кездесуден кейін қонақтар Абай ат. ҚазҰПУ музейінде болды.


Магистранттар «Академическое письмо» және «Активные процессы в русском языке новейшего времени» пәні бойынша дәрістерге, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы магистранттарының ғылыми семинарына қатысты. Кафедра ғалымдары тағлымдамадан өтуші магистранттардың диссертациясы бойынша кеңес өткізді, бірқатар мәселелер талқыланып, алда орындалатын жұмыс жөнінде нұсқау берілді. Оралдық магистранттар Ұлттық кітапхана, Республикалық Ғылыми-техникалық ұлттық сараптама орталығы кітапханасында ғылыми-зерттеу жұмысын жалғастырды.


БҚМУ келген қонақтар Ғылым декадасы аясында кафедраның ұйымдастыруымен өткізілген барлық шараларға қатысты. Олар 2 курс студенттерінің Санкт-Петербург қ. сапары нәтижесі бойынша өткізілген «Детские книги как крылья» пікірталас алаңқайында болып, «Поэзия Серебряного века» поэтикалық кешке қатысты.


Тағлымдаманың мәдени бағдарламасы да мәнді болды. Магистранттар Т.Л. Фроловскаяның Ресей Федерациясы Бас консулдығында өткізілген «Чтобы свеча не погасла... Итоги нашествия монголов на Русь» лекциясын тыңдады.


Қонақтар университеттің академиялық мобилділік бөлімінің ұйымдастыруымен Алматы қ. көрнекі-көрікті орындары бойынша экскурсияға қатысып, Көктөбеде серуендеді, кафедра меңгерушісімен бірге М. Әуезов ат. театрдың қойылымы - «Менің сүйікті ағатайым» спектакль премьерасын тамашалады.


Тағлымдама сәтті аяқталды. Кафедра оқытушылары магистранттардың Абай ат. ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының докторантура бөліміне оқуға келуіне тілектестік білдірді.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу