қазақша · русский · english
 
 
 
22.04.2019

Республикалық олимпиада қатысушылары

 

2019 жылдың 17 - 20 сәуіріне дейін Нұр-Сұлтан қаласында, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «5В011800-орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.


Республикалық олимпиадаға филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Мәдина Абаева жетекшілігімен 3 курс студенттері Ажар Нүсіпжанова, Адалатхан Каримова және Ж.Налибаева қатысты. Олимпиадаға Қазақстан Республикасының әртүрлі ЖОО-нан 11 команда қатысты. Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымы «Сөзіне берік, ойына мығым адам бақытты» (А.Пушкин) тақырыбындағы шығармашылық байқаудағы жеңісі үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. 

 

  

 

  




Кері оралу