қазақша · русский · english
 
 
 
08.05.2019

Республикалық ғылыми гранттар нәтижесін халықаралық апробациялау

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (2018-2020 ж.ж.) ғылыми гранты шеңберінде ғылыми жобаға материалдарды жеткізу үшін орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Г.Кажигалиева, Р.Шаханова және Б.Жұмағұлова Рига қаласында (Латвия) 2019 жылдың 2-6 мамыр аралығында өткен «Білім. Болашақ үшін диалог» атты V халықаралық педагогикалық конференцияға қатысты.


Профессор Гүлмира Қажығалиева барлық авторлар атынан болашақ пән мұғалімінің кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру контекстінде ынтымақтастық педагогикасы туралы баяндама жасады. Баяндама Украина, Белоруссия, Ресей, Чехия, Литва, Латвия және т.б. елдердің конференция қатысушыларының сөйлеген сөздеріне жауап берді.


Халықаралық педагогикалық форумның жұмысы республикалық ғылыми жобаға қатысушыларға алынған нәтижелерді табысты сынап, олардың өнімділігін дәлелдеуге мүмкіндік берді.

 

   

 

   

 




Кері оралу