қазақша · русский · english
 
 
 
09.10.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ студенті «Тіл парасат» байқауында жеңіске жетті

 

«Тіл парасат» облыстық байқауда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көптілді білім беру институты «6В01705-орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс студенті Анжелика Боловнева бас жүлде және жүз мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.


2019 жылдың 2 қазанында Талдықорған қаласы Тіл сарайында тілдің маңызы мен мәртебесін арттыру, этнос өкілдерін ынталандыру мақсатында өткен «Тіл парасат» облыстық байқауы Алматы облысының әкімдігі мен Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтті.


Жетекшісі академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Зейнеп Жалалқызы Османоваға студенттерімізді осы сайысқа дайындағаны үшін алғыс білдіреміз.

 

   

 

   




Кері оралу