қазақша · русский · english
 
 
 
05.11.2019

Мұражайға саяхат

 

2019 жылдың 2 қарашасында Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында математика, физика және информатика институтының 1 курс студенттеріне ФИ және ПБ орыс тілі секциясының оқытушылары Рошангүл Тохтамова, Аида Нұрбаева и Гүлзира Ермекбаева «Қазақстанның мәдениеті мен өнері» лексикалық тақырыбын зерттеуге байланысты экскурсия өткізді.


Студенттер заманауи өнер залында болып, Ә.Қастеевтің, Шоқан Уәлихановтың, Амангелді Имановтың, Қаныш Сәтбаевтың портреттерін тамашалады.


Көрме қонақтарына үш экспозиция ұсынылды: «Пушкиниана» - А.С. Пушкиннің 220-жылдығына арналған.; «Театр» - театр жылына арналған; «Әлем қуыршақтары» - онда әр түрлі елдерден әкелінген суретші Гүлмира Садықованың жеке коллекциясындағы қуыршақтар ұсынылды.


Студенттер пайдалы ақпарат алып, мәдени демалды.

 

   




Кері оралу