қазақша · русский · english
 
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім
 
 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Әкімшілік департаментінің құрамындағы қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі Университеттің сыртқы және ішкі саясаттын жүзеге асырудағы  қоғаммен  байланыс саласына жауап береді.

 

Бөлімнің негізгі міндеттері:

- Университеттің таңдалған ақпарат және имидждік саясаты шеңберінде университеттің қызметіне қатысты ақпараттық ағындарды құру және толтыру;

- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың имиджін қалыптастыруға қатысу және мақсатты топтар арасында (талапкерлер, студенттер, қызметкерлер, серіктестер, билік органдары) білім беру, ғылыми, инновациялық, халықаралық, тәрбие беру және қоғамдық  қызметтер арқылы Университеттің мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат тарату және қолдау;

- ҚазҰПУ әкімшілігінің қызметіндегі маңызды оқиғалар туралы қоғамды ақпараттандыру үшін мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерімен, БАҚ өкілдерімен үнемі жедел әрекеттесуді жүзеге асыру;

- Білім беру қызметтерінің нарығын кеңейту және университеттің мақсатты топтарымен (талапкерлер, студенттер, қызметкерлер, әріптестер, қала тұрғындары, билік органдары) өзара әрекеттесу тиімділігін арттыру мақсатында ҚазҰПУ туралы ақпаратты  ғаламтор желісіне, бұқара ақпарат құралдарына ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

 

Бөлімнің негізгі қызметтері:

- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ресми сайтының өңдеу жұмыстарына қатысу, негізгі мазмұнын қалыптастыру және толтыру;

- Университеттің www.kaznpu.kz ресми веб-сайтының мазмұнын үнемі жаңартып отыру;

- Білім және ғылым жөніндегі мәселелер бойынша бұқара ақпарат құралдарының  электрондық және баспа түрлерін бақылау («БАҚ біз туралы» айдары бойынша);

- Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын талдау, Университеттің қызметіне қатысты ақпараттарды шолу және бақылау;

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне және басқа жоғары органдарға Университеттің қызметі туралы (БАҚ-тағы Абай атындағы ҚазҰПУ туралы жарияланымдар тізімімен)   жыл сайынғы және тоқсан сайынғы есептерді дайындау;

- Мемлекеттік органдардың, басқа оқу орындарының және азаматтардың сауалдарына жауап беру үшін университет ректорының тапсырмасы бойынша тақырыптық сұрақтарға ақпараттық материалдарды, аналитикалық анықтамаларды дайындау;

- Университеттің ресми сайтының «Ректор блогы», «Кері байланыс» бөлімдеріне жүйелі түрде қызмет көрсету;

- Басшылықтың шешіміне сәйкес мүдделі тұлғалардың жолдауларын қарау және оларға бағыт беру;

- Азаматтардың жолдауларын уақтылы және толық қарастыруды, сондай-ақ  жолдау берушілерге құпия ақпаратты қорғауды ескере отырып жауап жіберуді қамтамасыз ету;

- Ректордың тапсырмасы мен  сайтқа кірушілердің сауалдары бойынша тиісті нұсқаулардың орындалуын бақылау;

- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қызметі туралы  ақпараттық бағдарламаларды жоспарлау және ұйымдастыру;

- БАҚ арқылы  Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қызметіне  қоғам алдында объективті көзқарасты қалыптастыру;

- Өткізілген семинарлар, конференциялар, форумдар  туралы аналитикалық шолуларды БАҚ-қа дайындау;

- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың дамуының негізгі бағыттары және оның жетістіктері туралы  материалдарды бұқара ақпарат құралдарына  тарату;

- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрылымдылық бөлімшелерінің  ішкі жарнамалық, ақпараттық және PR (қоғаммен байланыс)-қажеттіліктерін, сондай-ақ  ішкі өмірін топтастыру  мақсатында  деңгейлес байланыстарды жүзеге асыру;

- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың өмірінің негізгі оқиғалары туралы жаңалықтар аясында фото және бейне материалдарды дайындау;

- БАҚ-қа  баспасөз хабарламасын дайындау және тарату.

 

Материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мәселесі бойынша Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы М.Р. Ахметовке хабарласуға болады. Байланыс телефоны: 2938593, e-mail: shokan-kuttybaev@mail.ru.
Сайтқа және әлеуметтік желілерге ақпараттарды жариялау бойынша бөлім бастығының орынбасары Р.А. Жанбаевамен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 2988638, 87789080920, e-mail: rizhanbayeva@mail.ruweb_info@kaznpu.kz.