қазақша · русский · english
 
Оқу-әдістемелік бөлім
 
 
 Умирбекова Тоты Арыстанқызы
Оқу – әдістемелік бөлімінің бастығы

Достық даңғылы, 13
 291-43-61
umo_2012@mail.ru


Университеттегі оқу-әдістемелік бөлімінің қызметі 61 - бакалавриат, 53 - магистратура, 30 - PhD докторантура мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын үйлестіріп, әзірлеу бойынша жүзеге асырылады.

 

Оқу-әдістемелік бөлім мамандықтар бойынша оқу жоспарларына сараптама жүргізеді.

 

Жаңа буын білім беру бағдарламаларын Білім берудегі ынталандырушы топтардың қатысуымен әзірлеуге және енгізуге университет пен шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының оқытушылары және жұмыс берушілер: республикалық мектептердің үздік оқытушылары шетелдік әріптестермен (Кембридж университеті, Германияның Фрайбург университеті, Сингапурдың өнертану университеті, Ұлыбританияның Йорк университеті, Австралияның Монаш университеті және т.б.) бірлесіп әзірледі.

 

Білім беру бағдарламаларында оқу мақсаттары, міндеттері және нәтижелері реттеледі, модульдер құрылымының ECTS кредиттерімен пайыздық мазмұны көрсетілген, мамандықтың типтік оқу жоспарын, ұсынылатын элективті пәндер тізімі, модулінің сипаттамасы қамтылады.

 

Барлық мамандықтар бойынша элективті пәндердің каталогтары әзірленген, бұл университетте білім алушылардың элективті пәндердің балама нұсқаларын таңдауына мүмкіндік береді. Оқудың барлық бағыттары бойынша пәндердің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) әзірленген.

 

Жыл сайын бекітілетін институттардың әдістемелік кеңестерінің және кафедралардың әдістемелік секцияларының жұмыс жоспарларына сәйкес әдістемелік семинарлар мен әдістемелік конференциялар өткізіледі. Әдістемелік семинарлардың тақырыбы қазіргі педагогикалық ғылымның өзекті мәселелерін, дидактиканың және жоғары білім берудегі тұлғалық-бағытталған білім берудің заманауи мәселелерін көтереді. Кафедраларда ғылыми және қоғамдық өмірдегі өзгерістерді ескере отырып, үнемі жаңарып отыратын дәріс қорлары бар. Сонымен қатар, логикалық танып-білу тапсырмалары, олар үшін сұрақтар, студенттердің өзіндік жұмысына арналған жаттығулар, арнайы семинарларда талқылау үшін проблемалық сұрақтар, ашық дәрістер мен семинарлар өткізу үшін проблемалық-іздестіру тапсырмалары жасалған.

 

Оқу-әдістемелік бөлім жұмысының ең маңызды критерийлерінің бірі жоғары оқу орнының оқытушы-профессор құрамы даярлаған оқу-әдістемелік материалдарын дайындау және жариялау болып табылады. Мамандарды дайындауды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында кафедра оқытушылары жыл сайын оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдарын, сонымен қатар практикалық (зертханалық) сабақтарды, дипломдық және курстық жұмыстарды орындауға, тәжірибеден өту бағдарламалары мен оқу-әдістемелік құралдар дайындайды.