қазақша · русский · english
 
 
 
 Мошқалов Алтынбек Қошқарбайұлы
Тестілеу орталығының басшысы
PhD, қауымдастырылған профессор
Достық даңғылы, 13
 8(727) 291-57-50
a_moshkalov@mail.ru

 

Тестілеу орталығы тестілеу тапсырмаларын әзірлеуге және білім алушылардың білімін бақылауды ұйымдастыруға байланысты процестерді жүзеге асырады.

 

Тестілеу орталығының негізгі міндеттері:

- тесттік тапсырмаларды әзірлеуге байланысты мәселелерді қамтамасыз ету және шешу;
- тестілеуді ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету;
- компьютерлік тестілеудің әр түрлілігін дамыту;
- әр түрлі пәндер бойынша және университеттің білім беру курстары бойынша тест тапсырмаларының базасын жинақтау;
- тест тапсырмаларын жүргізу және дамыту саласында университеттің құрылымдық бөлімшелері мен басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, басқа университеттермен, ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық орнату;
- кредиттік оқыту жүйесі бойынша құжаттаманы жүргізу.


Тестілеу орталығының негізгі функциялары:

- емтихан сессиясы үшін пәндер тізімін анықтау;
- Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен келісімімен тестілеу емтихандарын өткізу кестесін жасау;
- тест тапсырмасының базасын қалыптастыру;
- емтихан сессиясын ұйымдастыру және өткізу;
- түрлі бағыттағы олимпиадаларда (студенттер және оқушылар арасындағы) тест ұйымдастыру және жүргізу;
- қашықтықтан оқытудың аралық бақылауын ұйымдастыру және өткізу.