Арнайы педагогика кафедрасы | ![]()
22.10.2021
Антитеррорлық қорғанысқа қарсы жаттығу
2021 жылдың 21 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтында «Арнайы педагогика » бойынша кәсіби даярлау бөлімінің профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен антитеррорлық әрекеттер бойынша оқу-жаттығу сабақтары өткізілді. Әкімшіліктің қолдауымен және ұйымдастырылуымен шара сәтті өтті. Іс шараға «Дефектология» мамандығының 2-3 студенттері қатысты. Мұғалімдердің жетекшілігімен оқушылар ғимараттан еш кедергісіз эвакуацияланды. Эвакуация 17, 19 және 25 дәрісханаларда жүргізілді. Кәсіби даярлау бөлімінен аға оқытушы Қ.Б.Малдыбаев жаттығуға жауапты тұлға ретінде тағайындалды.
«Арнайы педагогика» бойынша кәсіби даярлау бөлімінің ПОҚ мен студенттерінің «Антитеррорлық қорғаныс» жаттығулары туралы мәлімет
Ескерту: Дабыл қағылған сәтте 17 дәрісхана студенттері бірінші кезекте шығады. Біздің мамандық студенттері түгел № 2 есіктен шығады. Колоннамен шығу (бірінің артынан бірі) ұсынылады.
«Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының оқытушылары студенттерді ғимараттан эвакуациялауды жүзеге асырады.
Жауапты - Малдыбаев.К.Б.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|