қазақша · русский · english
 
 
 
 Аутаева Акбота Нурсултановна
«Арнайы педагогика» бойынша кәсіби даярлау бөлімінің жетекшісі
Психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Төле би көшесі, 31
  +7(727)-291-64-32
Akbota-n@mail.ru

 

Арнайы педагогика бойынша кәсіби даярлау бөлімі осы салада жоғары білікті мамандарды даярлайды.

1976 жылы Абай атындағы ҚазПИ-да Республикадағы дефектологиялық факультет ашылды. Сол уақыттан бері бөлім,талай жылдарды артқа тастай келе, толағайлы өзгерістерге толы дамуын, құрлымы жағынан да, ғылыми жағынан да кемелденумен өз жұмысын жалғастырып келеді.Қоғамда мүмкіндігі шектеулі балалардың артуына байланысты, «Арнайы педагогика» - саласы соңғы жылдарда болашақ мамандарды даярлауда саны жағынан артты, 2011 жылдан бастап 1000-ға жуық бакалавр, 200-ге тарта магистрлер және 10-ға жуық PhD жоғарғы білікті мамандар дайындап шығарды.

 

Жарты ғасырға жуық мерзімде даярланған мамандар еліміздің өнірлеріндегі жалпы және арнайы білім беру саласының майталмандары, ғалымдар мен басшылар.

 

«Арнайы педагогика» бойынша кәсіби даярлау бөлімі - осы саланы дамыту мақсатында еліміздің әр аймағынан мақсатты - бағытталған жастарды іздейді.

 

Бөлім үш деңгей бойынша дайындықты жүзеге асырады:


Мамандықтар бойынша бакалаврлар:

6B01901-Сурдопедагогика бойынша арнайы педагогтарды даярлау;
6B01902- Логопедия бойынша арнайы педагогтарды даярлау;
6B01903 - Олигофренопедагогика бойынша арнайы педагогтарды даярлау;
6B01904- Тифлопедагогика бойынша арнайы педагогтарды даярлау;
6B01905- Мектепке дейінгі арнайы педагогика бойынша даярлау.

Мамандығы бойынша магистранттардың:
7M01902 - Логопедия бойынша арнайы педагогтарды даярлау;
7M01903 - Инклюзивті білім беру бойынша арнайы педагогтарды даярлау;
7M01901 - Сурдопедагогика бойынша арнайы педагогтарды даярлау.


Мамандығы бойынша PhD докторанттар:
8D01901 - Арнайы педагогика бойынша даярлау;
8D01902 - Арнайы психология бойынша даярлау.

 

«Арнайы педагогика» бойынша кәсіби даярлау бөлімі мамандардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру мақсатында бірқатар алыс және жақын шетелдік беделді ЖОО-мен халықаралық ынтымақтастық байланыстар орнатылған. Олардың қатарында:
- Мария Гжегожевской атындағы арнайы педагогика Академиясы. (Варшава);
- Түркия (Анкара қ. Гази университеті);
- Германия, Лейпциг университеті;
- DAAD Герман академиялық алмасу қызметі.
- А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті (Санкт-Петербург);
- Шяуляй университеті (Литва мемлекеті);
- Гродно мемлекеттік университеті. Янки Купалы, Ресей Федерациясы;
- Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті;
- И.Арабаев атындағы Қырғызтан мемлекеттік университеті (Бішкек, Қырғызстан).
Осы мамандықты бітіргеннен кейін студент жұмыс істей алады:
Жалпы білім беру мектептерінде (инклюзивті жағдайда білім беретін), арнайы түзету білім беру мекемелерінде ( арнайы мектеп, интернат, балабакша, түзету орталықтары мен Психологиялық - медициналық - педагогикалық кеңес беруде) қызмет етеді.

 

7008