қазақша · русский · english
 
 
 

 

Жаһандану процесі жаңа жағдайларда тиімді жұмыс істей алатын кәсіби кадрларға деген қажеттілікті тудырады. Бұл мәселені шешу бүгінде білім беруді интернационалдандырумен байланысты.

 

Шетелдік университеттермен ынтымақтастық инновациялық әдістерді, шетелде оқыту мен тағылымдамаларды пайдалана отырып, академиялық ұтқырлықтың әртүрлі нысандарын дамыту, дәрістер оқу, шет тілдерін білуді жетілдіру, университетті интернационалдандыруға ықпал ететін халықаралық семинарлар, конференциялар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында шетелдік жоғары оқу орындарының оқытушыларын шақыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.

 

Білім беруді интернационалдандыру процесінің негізгі құрамдас бөлігі академиялық ұтқырлық - білім алушылардың, оқытушылар мен қызметкерлердің алмасу бағдарламаларына және университеттің халықаралық қызметінің басқа да салаларына қатысуы болып табылады.

 

«Арнайы педагогика» кафедрасы студенттердің академиялық ұтқырлығы бағытында София университеті арнайы педагогика кафедрасы (София қаласы, Болгария), Қазан Федералды университеті, Армян мемлекеттік педагогикалық университеті, Т.Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті және басқа да жетекші университеттерімен ынтымақтасады.

 

Мамандардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру мақсатында «Арнайы педагогика» кафедрасы жақын және алыс шетелдердің бірқатар беделді жоғарғы оқу орындарымен байланыс орнатып, халықаралық ынтымақтастық орнатты. Олардың қатарында Мария Гжегожевская атындағы Арнайы педагогика Академиясы (Варшава, Польша); Гази университеті (Анкара, Түркия); Лейпциг университеті (Германия); А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті (Санкт-Петербург); Шяуляй университеті (Литва); Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті (ММПУ, Мәскеу, Ресей), Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті (Беларусь); Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті (Өзбекстан); И.Арабаев атындағы Қырғызстан мемлекеттік университеті (Бішкек); Германияның DAAD академиялық алмасу қызметі бар.