қазақша · русский · english
 
 
 
12.12.2024

«Тәуелсіздік – тұғырым» мерекелік іс-шарасы


2024 жылдың 10 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ арнайы педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Зейнеп Бекбаеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік - тұғырым» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

 

Іс-шараға арнайы педагогика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары қатысты.

 

Іс-шара барысында магистранттар Тәуелсіздік тақырыбында ән айтып, күйлер тартып, өлеңдер оқыды. «7М01906 - Арнайы педагогика: Инклюзивті білім беру» мамандығының 1 курс магистранты Гулнара Баймошқанованың «Мен қазақпын!» авторлық өлеңі қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

 

Арнайы педагогика кафедрасының меңгерушісі Ақбота Аутаева іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу