Арнайы педагогика кафедрасы | ![]()
03.03.2025
Педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция 2025 жылдың 27 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ арнайы педагогика кафедрасы «6B01901-Арнайы педагогика: Сурдопедагогика», «6B01902- Арнайы педагогика: Логопедия», «6B01903-Арнайы педагогика: Олигофренопедагогика» мамандықтары 3 курс (4 жылдық), 2 курс (3 жылдық) студенттерінің педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференция өткізді. Барлық студенттер өздерінің педагогикалық тәжірибелері туралы толық есептерін ұсынды.
Қорытынды конференцияға студенттер педагогикалық практика өткізген Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты базалардан әдіскерлер қатысты. Әдіскерлер «№7 арнайы мектеп интернатынан» З.Туспаева, «№1 арнайы мектеп интернатынан» Р.Шакушева, «№124 көру және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйымнан» А.Жақанова, Б.Қалдарова, «№26 сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақшадан» Ә.Ештай, «Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №66 бөбекжай-балабақшасынан» А. Машаруповалар студенттердің теориялық дайындығының жоғары деңгейін атап өтті.
Конференцияны қорытындылай келе, практика жетекшілері А. Кемешова, Ж. Рахим, А.Кенжебай, Ф. Омарова және кафедра бойынша практикаға жауапты Ж. Нұрсейітова студенттерді педагогикалық практиканың сәтті аяқталуымен құттықтап, әдіскерлерге алғыстарын білдірді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|