қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2025

«Инклюзияның жаңа кезеңі: АСБ бар балаларды қосымша білім беру ортасында сүйемелдеудің инновациялық тәжірибелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар

 

2025 жылғы 4 сәуірде «№7 Оқушылар үйі» базасында офлайн форматта Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінің Арнайы педагогика кафедрасы Алматы қаласы білім басқармасының «№7 Оқушылар үйі» МКҚК-мен бірлесіп ұйымдастырған «Инклюзияның жаңа кезеңі: АСБ бар балаларды қосымша білім беру ортасында сүйемелдеудің инновациялық тәжірибелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар-практикум өткізілді.

 

Семинар-практикумның мақсаты-аутизм спектрінің бұзылысы (АСБ) бар балаларды қолдаудың инновациялық ғылыми-әдістемелік тәсілдерінің тиімді инклюзивті тәжірибесін дамыту және қосымша білім беру жүйесінде АСБ бар балаларды қолдау тәжірибесін талқылау.

 

Семинар-практикум қатысушыларға инклюзивті қосымша білім беру саласында озық тәжірибемен алмасуға, ғылыми-әдістемелік жаңалықтарды игеруге және кәсіби ынтымақтастықты орнатуға мүмкіндік береді.

 

Семинар практикумға қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы әдіскерлері, Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика және психология факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттары, докторанттары, қосымша білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары, әдіскерлер, педагогтер, психологтар, арнайы педагогтер қатысты.

 

Семинар спикерлері педагогика және психология факультетінің деканы Ғалия Абаева, арнайы педагогика кафедрасының доценті Ақмарал Рсалдинова, «№7 Оқушылар үйі» директорының м. а. Жанатгул Абирова және басқалар Қазақстанда АСБ бар балалармен жұмыс істеу үшін мамандар даярлаудың қазіргі жағдайы, АСБ бар балаларды әлеуметтендірудің ғылыми-теориялық негіздері, қосымша білім берудегі инновациялық инклюзивті ортаның құндылықтары, тәжірибесі және басқа да өзекті мәселелер жайлы айтып өтті.

 

Іс-шараны ұйымдастырушылар: пс.ғ.к., қауымд. профессор «Арнайы педагогика» кафедрасының меңгерушісі Ақбота Аутаева, PhD доктор Алмагул Калыкбаева, п.ғ.к. Аккумис Кемешова, PhD докторант Камила Толендиева, «№7 Оқушылар үйі» МКҚК директор м.а. Джанатгул Абирова, Асия Турикбаева -Инклюзивті қосымша білім беру бөлімінің меңгерушісі, Шынара Молдагалиева - қосымша білім беру педагогі.

 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу