қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2025

«Мен зерттеуші – арнайы педагог: жоба жазу талаптары» тақырыбындағы семинар


2025 жылғы 14 сәуірде Ғылыми онкүндік аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінің Арнайы педагогика кафедрасы мен «Жас ғалымдар» клубының жетекшісі, 3-курс докторанты Гүлнұр Ержанованың ұйымдастыруымен «Мен зерттеуші – арнайы педагог: жоба жазу талаптары» тақырыбында семинар өтті.

 

Мақсаты: студенттердің, магистранттардың, докторанттардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту, ғылыми ізденіске қызығушылықтарын арттыру, инновациялық идеялар мен шығармашылық бастамаларды қолдау.

 

Семинарға Арнайы педагогика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты.

 

Іс-шара барысында Арнайы педагогика кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ақбота Аутаева алғы сөз сөйледі. Сонымен қатар п.ғ.к., доцент Ақмарал Рсалдинова, п.ғ.к., доцент Ольга Завалишина, п.ғ.м., аға оқытушы Динара Байдосова қатысушыларға өз кеңестерін берді.

 

«Жас ғалымдар» клубының жетекшісі, «8D01901 – Арнайы педагогика» мамандығының 3-курс докторанты Гүлнұр Ержанова, осы мамандықтың 1-курс докторанты Камила Төлендиева, «7М01908 – Арнайы педагогика: АСБ» мамандығының 2-курс магистранты Мейірбек Тоқтабаев, «6В01902 – Арнайы педагогика: Логопедия» мамандығының 4-курс студенті Татьяна Марченко, «6В01901 – Арнайы педагогика (IP)» мамандығының 2-курс студенті Шарапат Бекенова, сондай-ақ «6В01901 – Арнайы педагогика: Сурдопедагогика» мамандығының 4-курс студенттері Алтынай Таубай мен Жайна Наукебай өз жобаларын қорғап, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

 

Семинар соңында белсенді пікірталас өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу