қазақша · русский · english
 
 
 
 Қилыбаев Талғат Берікқазыұлы
Ғылымиметрия және ғылыми басылымдар орталығының жетекшісі
PhD доктор
Қазыбек би көшесі, 30, 201 кабинет
 8-707-230-26-00
t.kilybayev@gmail.com


Орталықтың негізгі мақсаты - Abai University 2022-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясының 4.2. «Abai University - педагогикалық зерттеу университеті» тармағын: Abai University бір ғылыми журналын Scopus дерекқорына енгізуді жүзеге асыру.

 

Аталған мақсатты іске асыруда келесі міндеттер анықталды:

1)ғылым саласындағы қызметті реттейтін қолданыстағы заңнамалық және нормативтік актілерге сәйкес қызметті жүзеге асыру, жүктелген міндеттерді орындау;

2)БҒССҚК ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне енгізу мақсатындаҚоғамның ғылыми журналдарын ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарға сәйкестігіне мониторинг жүргізу;

3)Қоғамның ғылыми басылымдарын дамыту, жетілдіру және ілгерілету бағыттары бойынша Clarivate Analytics, Elsevier, Springer және т. б. компаниялардың семинарларына қатысу;

4)БҒССҚК стандарттары және халықаралық стандарттар бойынша Қоғамның ғылыми басылымдарын дайындауда, оларды ғылымиметриялық деректер базасына (КазБЦ, РИНЦ,Web of Science, Scopus және т. б.) енгізуу бойынша консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;

5)ғылыми журналдардың редакциялық кеңестерінің жұмысын үйлестіру және дәйексөз алу көрсеткіштері жоғары ғалымдарды редакциялық алқалар құрамына және рецензенттер базасына тартуға жәрдемдесу.