қазақша · русский · english
 
Денсаулық сақтау пункті
 
 
 Жаббарханова Алия Аббасовна
Денсаулық сақтау пунктінің дәрігері, терапевт

Толе би көшесі, 35, Денсаулық сақтау пункті, 2 кабинет
 8-707-711-72-72
a.zhabbarhanova@abaiuniversity.edu.kz

 Нурбекова Гулмира Масимжановна
Денсаулық сақтау пунктінің дәрігері, терапевт

Төле би көшесі, 35, Денсаулық сақтау пункті, 4 кабинет
 8-777-565-00-66
g.nurbekova@abaiuniversity.edu.kz

 

Денсаулық сақтау пунктінің негізгі мақсаты - ұжымның денсаулығын нығайту.

 

Денсаулық сақтау пунктінің жұмысы оқу үрдісін жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға, сонымен қатар, студенттер арасындағы аурушаңдықты азайтуға және алдын алуға бағытталған.

 

Университеттің денсаулық сақтау пункті мен оқу ғимараттарындағы медициналық пунктарының атқаратын негізгі қызметі:

- Университет қызметкерлері мен студенттеріне жедел және күтпеген аурулар, жарақаттар, уланулар және басқа да жазатайым оқиғалар кезінде жедел жәрдем көрсету;
- Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін жедел алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
- Қолданыстағы дәрілік заттардың тізбесіне сәйкес шұғыл медициналық көмек көрсету;
-Университет студенттерінің өміріне қауіп төндіретін жағдайлар туындаған жағдайда жедел жәрдем бригадасын шақыру;
- Қолда бар жабдықтарға сәйкес бастапқы диагностиканы жүргізу;
- Студенттерді медициналық тексеру нәтижелері бойынша дәрігердің ұсыныстарын орындалуын бақылау;
- Денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамалық құжаттарға, университет әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне сәйкес жыл сайынғы медициналық тексерулерді өткізу;
- Студенттердің моральдық және физикалық денсаулығын сақтауға және нығайтуға, рухани дамуға және өзін-өзі жетілдіруге қажетті қасиеттерді тәрбиелеу бойынша университеттің іс-шараларына қатысу.
- Университет аумағында эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
- Спорттық іс-шараларда студенттерге медициналық көмек көрсету;
- Санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.


Абай атындағы ҚазҰПУ студенттеріне медициналық көмек көрсету денсаулық сақтау пунктінде өтеді. Мекенжайы: Төле би көшесі, 35 (№ 1 жатақхана).

 

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасы

 

Денсаулық сақтау пунктінің жылдық жоспары 2023-2024 оқу жылы