Генеративті жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру трендтері мен инновациялары
2025 жылғы 8 сәуірде Ғылым онкүндігі аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика факультеті информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының ұйымдастыруымен «Генеративті жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру трендтері мен инновациялары» атты жыл сайынғы ғылыми практикалық семинары идеялармен бөлісу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен мұғалімдерді, зерттеушілерді және студенттерді біріктірді.
Семинар барысында келесі мәселелер талқыланды:
- генеративті жасанды интеллект дәуіріндегі білім берудегі тенденциялар мен инновацияларды зерттеу үшін коммуникациялық орта құру;
- студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, сондай-ақ жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми-инновациялық қызметке қатысуын арттыру;
- IT қауымдастықтары мен білім беру ұйымдарына магистранттар мен докторанттардың диссертациялық зерттеулерінің ғылыми нәтижелерін, инновациялық идеялары мен жобаларын ұсыну;
- AI және AI-мен байланысты салалардағы ғылыми ынтымақтастықтың әлемдік тәжірибесін зерделеу үшін семинарға қатысушылар арасында кәсіби байланысты ұйымдастыру.
- WoS, Scopus және т.б. халықаралық деректер қорына енгізілген жоғары рейтингті журналдарда жарияланымдарды дайындауда cеминарда үздік ғылыми баяндамалардың авторларына кеңес беру және көмек көрсету.
Іс-шара екі құндылықты атап өтті: Студенттер мен жас зерттеушілерге инновацияға белсенді қатысуға мүмкіндік беру; Шығармашылық, ғылым және прогрессивті ынтымақтастық арқылы жаһандық байланыстар құру.
Жасанды интеллект біздің өмірімізді қалыптастыратын күшке айналды. Әр бір студентті AI сарапшысына айналдыру емес, оларға AI-ны саналы және жауапкершілікпен қолдануды түсінуге көмектесу болып табылады.
Семинар аясында жас зерттеушілер мен докторанттар мастер-класс өткізіп, чат-бот құру және программа жасау бойынша жарыстар ұйымдастырды. Семинардың ғылыми жетекшісі профессор Жанат Нурбекова жарыс жеңімпаздарына жасанды интеллект жайлы кітаптарды сыйлыққа берді.


