қазақша · русский · english
 
 
 
16.04.2025

Ғылым апталығы – 2025: стартап-байқау


2025 жылдың 11 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика факультетінде информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының ұйымдастыруымен Ғылым апталығы - 2025 аясында ерекше форматтағы стартап-байқау ұйымдастырылды.

 

Байқау тақырыбы: «Стартап құрудың негізгі кезеңдері: Идея, команда, нарық».

 

Іс-шара барысында студенттер топпен жұмыс істеп, өздерінің тың стартап идеяларын ортаға салып, нақты нарыққа бағытталған жобаларды ұсынды. Байқау кезінде қатысушылардың командалық үйлесімі, креативті ойлау қабілеті және бизнес-жоспар құрудағы шеберлігі жоғары бағаланды.

 

Байқау нәтижесінде келесі үздік үш команда анықталды: «Ең үздік стартап идея» - INNOVA TEAM, «Креативті команда» - INNOLAB, «Болашағы бар жоба» - NEMSET.

 

Болашақ кәсіпкерлерге шабыт, сенім және зор табыс тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу