қазақша · русский · english
   

 

Академик С.Қирабаев ат. қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы оқытушылырының ашық сабақ кестесі - 2020-2021 оқу жылы

 

Академик С.Қирабаев ат. қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ғылыми -әдістемелік жұмыс жоспары - 2020-2021 оқу жылы


Академик С.Қирабаев ат. қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының кешенді және күнтізбелік жұмыс жоспары - 2020-2021 оқу жылы


Академик С.Қирабаев ат. қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқу-әдістемелік жұмыс жоспары - 2020-2021 оқу жылы


Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының кәсіби бағдар жұмысының жоспары - 2019-2020 оқу жылы


Академик С.Қирабаев ат. қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ғылыми зерттеу жұмыс жоспары - 2019-2020 оқу жылы


 

2019/2020 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6В017-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

2019/2020 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6B023 - Филология

2019/2020 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: М01704-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

2019/2020 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 7М02304-Лингвистика

2019/2020 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 7М02305 - Әдебиеттану

2019/2020 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 8D02301-Филология
2019/2020 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 8D02304-Лингвистика

2019/2020 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 8D02305 - Əдебиеттану


2018/2019 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті
2018/2019 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6M011700 Қазақ тілі мен әдебиеті
2018/2019 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6D011700-Қазақ тілі мен әдебиеті


2018/2019 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
2018/2019 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6M012100 -Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
2018/2019 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6D021300-Лингвистика


2018/2019 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 5В020500-Филология
2018/2019 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6M020500-Филология
2018/2019 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6D020500-Филология

 


 

2017/2018 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

2017/2018 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

2017/2018 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6D011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

2017/2018 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6М021200-Түркітану

2017/2018 оқу жылына арналған Элективті пәндер каталогы: 6D021300-Лингвистика

Міндетті және элективті пәндер каталогы

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы оқу жүйесінде тіл білімінің лексикология, фонетика, морфология, синтаксис, тіл біліміне кіріспе, қазақ әдеби тілінің тарихы, морфемалар жүйесі, түркітануға кіріспе, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, стилистика, тіл мәдениеті, жалпы тіл білімі, қазақ тілін оқыту әдістемесі және т.б. салаларымен қатар жаңа ғылыми бағыттармен байланысты «Когнитивтік лингвистика», «Коммуникативтік мағына негіздері», «Тілдік қатынас», «Лингвистикалық терминдер теориясы», «Қатысым синтаксисі», «Ареалды лингвистика», «Мәдениетаралық тілдік қатынас» және т.б. сияқты жаңа пәндерді оқытады.
Кафедра ұжымы мына бағыттарда ғылыми-әдістемелік жұмыс атқарады:
- қазіргі қазақ тілі мен әдебиеті теориясындағы жаңа бағыттар;
- жеке тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін дамытудың методологиялық, педагогикалық қырлары;
- қазақ тілін интербелсенді әдістемемен оқыту әдістемесі және оны үйретудің жаңа технологиялары.
Отандық және әлем лингвистикасындағы дәстүрлі салалар мен бағыттарды ғылыми-теориялық жағынан меңгеру және оқытудың жаңа технологияларын игеру мақсатында лингвистикалық (Жауапты оқытушы: ф.ғ.к. доцент А.Қобыланова) және әдістемелік (Жауапты оқытушы: Р.Рахметова) семинарлар жұмыс істейді.
Кафедра ұжымы «Байтұрсынов тағылымы», «Сарсен Аманжолов тағылымы», «Құдайберген Жұбанов тағылымы» атты апталықтар, айлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізіп отырады. Соның нәтижесінде «Байтұрсынов тағылымы» атты жеке пән жүргізіледі.
Кафедра «Қазақ филологиясының теориялық және әдістемелік негіздері: тарихы, дамуы, жаңа бағыттары мен оларды оқытуды әдіс-тәсілдері, жаңа технологиясы» атты бекітілген тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізеді.
Жоспардың мазмұнында мынадай өзекті мәселелер қамтылған:
- кәсіби филолог маман дайындаудың өзекті мәселелері.
- қазақ тілінің тарихы, дамуы және қазіргі жағдайының ғылыми методологиясы.
- қазақ тілінің теориялық және әдіснамалық негіздері.
- тіл теориясы, оның дамуы және т.б.
Кафедраның жылдық жоспары жасалған. Күн тәртібіне қойылған
мәселелер оқу жүйесін, оқу-әдістемелік талаптарды, ғылыми жұмыстарды, оқу тәрбие үдерісін; жауапты қоғамдық жұмыс түрлерін жан-жақты қамтиды, әр маусым, әр тоқсан бойынша есеп беріледі.
Кафедра ұстаздарының мақсаты - қазақ тілінің салаларын теориялық-әдістемелік тұрғыдан терең оқыта отырып, қазақ тілін кәсіби дәрежеде меңгертудің ғылыми-методологиясын іске асыру; болашақ педагог мамандардың білім, білік, іскерлік, әдістемелік шеберлік және т.б. қабілеттерін дамыта келіп, нәтижелі білім сапасына жету.
Білімнің сапасын көтеру, білім алушылардың кәсіби біліктілігін, ойлау мәдениетін қалыптастыру, жеке адамның ішкі әлемін, өзіндік түсінігін, тұлғалық дамуын қамтамасыз ету, оқытуда белгілі бір нәтижеге жету мақсатында оқу үрдісінде инновациялық тәсілдер мен жаңа технологияларды қолдану - ұжым оқытушыларының міндеті. Кафедраның жалпы ұйымдастыру бағытындағы негізгі міндеті - әрбір пәннің сапалы және тиімді оқытылуы. Бұл мәселелерде олардың дәстүрлі көзқарастармен байланыстылығы және жаңаша оқыту жолдарымен іске асырылуы, өзара сабақтастығы үнемі назарда болады. Осы тұрғыда ұжым кафедраның оқу жүктемесіндегі пәндердің теориялық және практикалық курстары бойынша типтік бағдарлама, жұмыс бағдарламасын және сапалы оқу-әдістемелік кешенін (оқулықтар, оқу құралдары, дидактикалық материалдар, сөздіктер және т.б.) дайындаумен қатар, әр сабақта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, оқытудың жаңа технологияларын ұтымды қолданады.
Кафедра жарияланымдары:
Білім стандарттары: Қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін
деңгейлік тұрғыдан оқытуға арналған «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың Тұжырымдамасы» (Ф.Ш.Оразбаева, Ж.Т.Дәулетбекова, Р.С.Рахметова, А.Қ.Рауандина); «Балабақша - мектеп - колледж - жоғары оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқытудың Тіл Стандарты (Ф.Ш.Оразбаева, Ж.Т.Дәулетбекова, Р.С.Рахметова, А.Қ.Рауандина).
Типтік оқу бағдарламалары: «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»
(Ф.Ш.Оразбаева, Р.С.Рахметова, Ж.Т.Дәулетбекова); Өзге тілді аудиториялардағы «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» (Ф.Ш.Оразбаева, А.Қ.Рауандина, Ж.Т.Дәулетбекова); «Қазақ тілін деңгейлік оқыту бағдарламасы» (оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 1-11-сыныптарына арналған) (Ф.Ш.Оразбаева, А.Қ.Рауандина, Ж.Т.Дәулетбекова).
Оқулық және оқу құралдары: «Қазіргі қазақ тілі» (Ф.Ш.Оразбаева,
Б.Қасым, А.Қобланова, Қ.Қасабек, Ж.Балтабаева, Р.С.Рахметова және т.б.); «Лингвистикалық терминдер теориясы» (Ф.Ш.Оразбаева, С.Жиренов, Г.Кенжебаева, Ж.Мазибаева); «Коммуникативтік мағына негіздері» (Ф.Ш.Оразбаева, Е.Оспанов): «Жалпы тіл білімі». Электронды оқулық (М.Жүнісова).
Монографиялар: «Қазақ тілін деңгейлік оқытудың ғылыми-методологиялық негіздері» (Ф.Ш.Оразбаева, Р.С.Рахметова); «Сөз мәдениеті және шешендік: оқыту теориясы мен әдістемесі» (Ж.Т.Дәулетбекова); «Тілді оқыту: интеграциялық білім мен интеллектуалдық тұлға қалыптастырудың сабақтастығы» (Ж.Т.Дәулетбекова, Р.С.Рахметова және т.б.); «Қазақ тілі синтаксисі: коммуникативтік-танымдық аспект» (Р.С.Рахметова); «Қазақстандағы латын жазуының тарихи тағылымы» (Н.Әміржанова).
Оқу-әдістемелік құралдар:
- Педагогикалық практика күнделігі;
- Тілтаным практикасының бағдарламасы;
- Диалектологиялық практика нұсқаулықтары;
- Мемлекеттік емтиханға арналған пәндердің бағдарламасы.
Сондай-ақ, кафедра ПОҚ-ы «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім
беру жүйесінде ұлттың интеллектуалды әлеуетін дамыту» тұжырымдамасын әзірлеуге қатысты.
Кафедра ұжымы баспадан шығарған оқу құралдары, оқулықтар, оқу-әдістемелік нұсқаулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, ғылыми монографиялар республика көлемінде қолданысқа ие.