қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
02.03.2020

«Абай және ұлттық сана». Студенттер арасындағы дебат қалай өтті

 


 

5 аймақтан 180-нен астам қатысушы келген

 

«Абай және ұлттық сана». Осындай атаумен студенттер арасында республикалық пікірсайыс турнирі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

 

Пікірсайыс алаңына барлығы 5 аймақтан 180-нен астам қатысушы келген. Дәстүрге айналған шара биыл 12-ші рет өткізіліп отыр. Бұл еліміздің аймақ аралық студенттері пікірсайысының ерекше дамығандығын көрсетеді дейді ұйымдастырушылар. Жас дебатерлар түрлі тақырыпта өзіндік жеке пікірлерін білдіріп, көзқарастарын сенімді қорғады.

 

Дәлелді фактілерді келтіре отырып, ой жүйріктігін көрсетті. 90 команданың ішінен үздік шыққандар Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет ректорының кубогі және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

«Бұл турнир дәстүрлі түрде өтіп келеді. Қазақ пікірсайыс қоғамында АПФ форматында, американдық форматта өтіп отыр. Халықаралық медиа саласы, халықты сауаттандыру, әкімдер қызметі, Қазақстандағы агро-өнеркәсіпке байланысты кең көлемдегі бірнеше тақырыпт қозғалды», - деді «Атамекен» зияткерлік пікірсайыс клубының меңгерушісі Думан ӘСЕМБЕК.

 

 

02.03.2020 ж.

Ақпарат көзі: almaty.tv