қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
03.04.2020

Әскери дайындық кафедрасының оқытушылары қашықтан дәріс өткізді


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ​ Өнер мәдениет және спорт инcтитутының бастапқы әскери дайындық кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қашықтан білім беру жүйесіне көшті.

 

 

Университеттің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өнер мәдениет және спорт инcтитутының бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы магистр Н.Төлегенұлы мен  Г. Ахметова Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған вебинарға қатысып, (https://youtu.be/RkjSF9y4l4c) қашықтан білім берудің заманауи тетіктерінің бірі​ ZOOM​ жүйесін меңгерді. Аталған оқытушылар кафедраның басқа профессор-оқытушыларына қысқа мерзімде тәжірибелерімен бөлісті. Осы бағытта кафедра институт көлемінде алдыңғы саптан көріне біліп, студенттердің уақытында және сапалы білім алу үрдісін жалғастыруда. Студенттер пен магистранттар ағымдағы аралық бақылау мен емтихан кезеңіне бағытталған оқу бағдарламасын қашықтан үйреніп, білім алудың замануи тетіктерін меңгеруде.

 

Авторы: Эльвира Серікқызы

31.03.2020 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz