қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
24.04.2020

«Абай және Пушкин - мәдениеттер үндестігі»

 


 

Кеше, 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуы туралы» Жарлығын жүзеге асыру аясында Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің (Foundation) шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы «Абай және Пушкин - мәдениеттер үндестігі» атты халықаралық онлайн дөңгелек үстелін өткізді.

 

Дөңгелек үстелдің қатысушылары мен қонақтарына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы құттықтау сөзін сөйледі.

 

Дөңгелек үстелге Қазақстан мен алыс және жақын шетелдердің білім беру және ғылыми ұйымдары қатысты: Қазақстан Республикасы философия, саясаттану және дінтану институтының ғылым комитеті, К.Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, «Жаңа мектеп» білім орталығы (Алматы қ.), Хошимин педагогикалық университеті (Вьетнам), Баку мемлекеттік университеті (Әзербайжан), Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулы, Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті (Ресей).

 

Халықаралық дөңгелек үстелге ғалымдар мен оқытушылар, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері, дипломаттар, суретшілер, студенттер мен магистранттар, сонымен қатар, Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Ресей, Вьетнам, Нидерланды, Қытай елдерінің докторанттары Zoom платформасы алаңында (барлығы 73) кездесті.

 

Дөңгелек үстел қонақтары: дипломат, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әуезов Мұрат (Қазақстан), әуезовтанушы Зифа-Алуа (Нидерланды), саясаткер, дипломат Отунбаева Роза (Қырғызстан), ҚР Кинематографистер одағының мүшесі, продюсер Жаныбаева Қалдығұл (Қазақстан), Философия институтының бас ғылыми қызметкері Сартаева Раушан (Қазақстан), «Жаңа мектеп» білім орталығының директоры Қарамендина Гүлнар, Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы консулы, Ресей ынтымақтастығы басшысының орынбасары Переверзева Ирина (Ресей), МПМУ Филология институтының директоры Чернышева Елена (Ресей), «Жоғары білім беру мектебі» институтының директоры Гончаров Михаил (Ресей), Ханой ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Чан Динь Лам (Вьетнам), Бакин мемлекеттік университетіндегі Абай орталығының директоры Дурсунова Фатима (Әзербайжан).

 

Дөңгелек үстелге қатысушылар мен қонақтар Абайдың философиялық-мәдени, этикалық және әдеби мұрасы, орыс ақыны Пушкиннің шығармаларын Ұлы Далада кеңінен насихаттаудағы рөлі, шығармаларының басқа тілдерге аударылуы, шетел университеттерінде Абай шығармашылығын көп қырлы зерттеу тәжірибесі туралы сөз қозғады.

 

Дөңгелек үстел барысында «Әлем таныған Абай» челленджі, шетелдік білім алушылар дайындаған тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Сөйтіп, Ұлы ақын есімін иеленген университет ұйымдастырған онлайн дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті.

 

 

24.04.2020 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com