қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
20.05.2020

«Адалдық жолымен» онлайн-семинары

 


 

Үстіміздегі жылдың 20 мамыры күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті, «Парасат» орталығы және Жастар ісі жөніндегі комитеттің бірлесіп ұйымдастырмен білім беру жүйесінде сыйбайлас жемқорлықты болдырмау мәселелеріне арналған «Адалдық жолымен» онлайн-семинары өтті. Семинар жұмысын университет ректоры Такир Балықбаев ашып, білім ордасында сыйбалыс жемқорлықпен күрес бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды. Ректор өз сөзінде университет қабырғасында Жемқорлыққа қарсы күрес кеңесі, 2019 жылдың 7 қазаны күні іске қосылған «Парасат» орталығы жұмысымен таныстырып, жастар арасында адал және парасатты ортаны қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан пәрменді шаралармен таныстырып өтті. Семинардың басты спикері, Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев «Профилактика коррупции: проблемы и пути решения» тақырыбындағы баяндамасын қатысушылар назарына ұсынып, білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері мен жолдарын айқындап берді. Сонымен қатар, спикер білім беру саласындағы жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбейтін ортаны қалыптастыру бойынша бірқатар тәсілдерді ұсынды. Шара қатысушылары: университеттің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов, тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев, «Парасат» орталығының директоры Қамбар Усипов жастардың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша өз ойларын ортаға салды.

 

Шара қонағы Алматы қаласы Студенттер Альянсының төрағасы Жасұлан Қуандық жемқорлық пен құқықбұзушылыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру бағытында қала жастарымен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Университет жастары атынан пікір білдірген филология және көптілді білім беру институтының 1 курс студенті Тахаева Айсана жемқорлықпен күрес жұмысына өз үлесін қосатындығына сенім білдіріп, барша жастарды академиялық адалдық принциптерін ұстануға шақырды.

 

Жарыссөзде сөз кезегін алған Сорбонна-Қазақстан институтының директоры, «Ізгілік елшісі» еріктілер жобасының басты үйлестірушісі Айнур Сабитова университет қабырғасынан бастау алып, қазіргі күні еліміздің 17 өңірінде қанат жайған «Ізгілік елшісі» жобасының парасатты қоғамды қалыптастыру жолындағы ауқымды жұмыстарын тілге тиек етті.

 

Университеттің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, шара модераторы Ділдабек Дидарбек жастардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне және сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарға барынша қарсы тұрып, адал және таза қоғамды қалыптастыруға өзіндік үлестерін қосу қажеттігін айтып, семинар жұмысын қорытындылады.

 

Авторы: Қазына Бекбенбетова

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты

департаменті директорының орынбасары

20.05.2020 ж.

Ақпарат көзі: kazgazeta.kz