қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
09.06.2020

Ұлы Абай есімін иеленген университеттің сайты үздік бестікке енді

 


 

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (БСҚТА) 2020 оқу жылындағы қазақстандық жоғары оқу орындары сайттарының рейтингін ұсынды. Аталған рейтингі бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ресми сайты (kaznpu.kz) Қазақстанның 101 жоғары оқу орындары арасында бесінші орынды иеленді. Сөйтіп, еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындары санатында топты жарды.

 



2018 жылы Ұлы Абай есімін иеленген университет сайты 9-шы орынды иеленіп, үздік ондыққа енген-ді. Ал, 2016 жылы 26-шы, 2014 жылы 20-шы, 2013 жылы 25-ші орындарға жайғасқан-ды. Яғни, сайт әкімшілігі мен Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім қызметкерлерінің қажырлы еңбектерінің арқасында аталған рейтингіде kaznpu.kz сайты жыл сайын жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді.

 

Айта кетейік, IQAA ұлттық рейтингісінде рейтинг нәтижелері 9 критерий бойынша бағаланды. 2018 жылдың нәтижелерімен салыстырғанда сайт веб-беттердің өлшемі (4.08), ақпарат мазмұны (2.13), сайтта мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ақпараттар ұсыну көрсеткіштері жақсарды. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарымен және GOOGLE жүйесімен жұмыс күшейтіліп, сайтқа сілтемелер санын көтерілді (4.43).

 

Ғасыр тарихы бар «Qazaq» газетінің ұжымы Abai university ұжымын кезекті жеңісімен құттықтап, жаңа жетістіктер тілейді.

 

Естеріңізде болса, өткен айда 2020 жылғы Қазақстан Республикасы сұранысқа ие жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингі жарияланды. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің зерттеу қорытындысы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті үздік төрттікке енді. Педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында университет бірінші орынға ие болды. Жоғары оқу орындарының институционалдық рейтингісінде бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының бағыттары бойынша қорытынды көрсеткіштермен (24345) ҚР жоғары оқу орындарының арасында бірінші орынды иеленді.

 

Жоғары оқу орындарының ұлттық сұранысқа ие рейтингіне биыл 89 отандық оқу орны қатысты.

 

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жыл сайын өткізетін «ҚР жоғары оқу орындарына сұраныстың Ұлттық рейтингі-2020» бұл еліміздің жоғары білім беру сапасын жоғарылатуға бағытталған білім беру қызметтері мен ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін саралау мен бағалаудың тиімді құралы болып табылады.

 

Сараптамалық білім беру бағдарламаларының нәтижелерін сала бойынша бағалау рейтингісіндегі жетістік білім беру бағдарламаларының санына емес, сапасына және әртүрлілігіне, университет профилінің сәйкестігіне байланысты екенін көрсетеді.

 

Рейтингке қатысу білім беру жүйесін трансформациялау жағдайында жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін, табыстылығын арттырудың, ел дамуының маңызды салаларында сұранысқа ие мамандарды даярлау сапасының әлемдік деңгейіне қол жеткізуге бағытталған шешуші факторына айналуда.

 

09.06.2020 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com