қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
22.07.2020

Ректордың талапкерлермен онлайн-кездесуі өтті

 

   

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев талапкерлермен онлайн-кездесу өткізді. "2020-2021 оқу жылына талапкерлерден құжат қабылдау" тақырыбындағы онлайн-кездесу @abai_university Instagram парақшасындасындағы тікелей эфирде өтті, - деп жазады Egemen.kz

 

Ректор Такир Балықбаев оффлайн және онлайн режимінде өткізіліп жатқан қабылдау комиссиясының жұмысы туралы айтып өтіп, университет үшін талапкерлер мен қызметкерлердің қауіпсіздігі маңызды екенін түсіндіріп, талапкерлерге құжаттарды онлайн тапсыруды ұсынды.

 

Кездесу барысында қашықтан оқыту, университетке түсу үшін шекті балл, бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша құжаттарды тапсыру мерзімі мен шарттары, оқу жеңілдіктері, жатақханадан орын беру туралы сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Сонымен қатар студенттер бітіруші курста практиканың қалай өткізілетініне қызығушылық танытты.

 

Ректор қазіргі жағдайды ескере отырып, университет тарапынан студенттерге барлық жағдай жасалатындығын атап өтті. Оқушыларға және студенттерге сәттілік пен денсаулық тіледі.

 

Кездесу өте нәтижелі өтті. Кездесуге қатысушылар мен талапкерлер қосымша сұрақтарды жеке поштаға және ректор блогына, әлеуметтік желілердегі университеттің ресми парақшаларына жібере алады.

 

Тікелей эфирден кейін кездесуге қатысушылардың барлық мәселелері талданды. Толық жауаптар университет сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

 

Жиі қойылатын сұрақтар бойынша төмендегі мәліметтерден нақты ақпарат алуға болады:

- Педагогикалық мамандыққа түсетін талапкерлерге арналған онлайн-тесттен өту алгоритмі және онлайн-тесттің нәтижелері «Оқуға түсушілерге» бөлімінде орналастырылған. Педагогикалық емтихан: https://www.kaznpu.kz/kz/2200/page/.

- Онлайн режимінде шығармашылық емтихандарына дайындық алгоритмі және шығармашылық емтихан нәтижелері: https://www.kaznpu.kz/kz/2203/page/.

- Жыл сайын университет «Алтын белгі» иегерлеріне, көп балалы отбасылардың студенттеріне және мүмкіндігі шектеулі балаларға 100% дейін оқу ақысына жеңілдіктер ұсынады. Сондай-ақ, дарынды және талантты студенттерге гранттар мен жеңілдіктер алуға мүмкіндіктер қарастырылған. Талапкерлер үшін жеңілдіктер туралы ереже:http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf.

- Жатақханаларда орындар бөлу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындар бөлу ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асады. Орындарды бөлу үдерісі «Univer» жүйесі арқылы жүреді: http://kaznpu.kz/docs/obchag_slid.pdf. Жатақханадан орын беру тәртібі туралы ақпарат: құжаттар тізімі және жатақханадан орын бөлу алгоритмі сайтта «Жатақханаға орналасу бойынша ақпарат» бөлімінде ұсынылған:https://www.kaznpu.kz/kz/2507/page/.

 

 

22.07.2020 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz