қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
09.09.2020

Болашақтағы мамандықтарға әсер ететін үш фактор

 


 

«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысып жатқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев өзінің Facebook парақшасында болашақтағы мамандықтарға әсер ететін үш факторды жазды.

 

Тұңғыш университет ректорының жазуынша, болашақтағы мамандықтарға дайын болу үшін ең бастысы үш дағдыны естен шығармау керек:

1. Жақсы адам болу керек. Егер студент оған ұмтылмаса, оны өзіне мақсат етіп қоймаса, басқа жасаған амалдары бекер. Өйткені, қандай жағдай болса да, адамдық қасиетті жоғары қоятын жанның жолы ашық болады. Осы ұстаныммен өмір сүрген абзал.
2. Адамның бойында негіз болу керек, яғни терең білім қажет.
3. Soft skills-ті меңгеру керек. Адам білім алуда тойымсыз болып, оны бөлісуге жомарт болуы керек.


«Адам баласының өмірі білім алуға ұмтылыстан тұрады. «Ақыл - тозбас киім, білім -сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерін жадымызда ұстайық. Жоғарыда айтылған нәрселердің қайсысына қол жеткіздіңіз, қайсы дағдыны пайдаланып жүрсіз?» деп сауал тастады Такир Оспанұлы.

 

 

09.09.2020 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com