
 
|  Главная /
Объявления 
30.05.2018 ХАБАРЛАНДЫРУ 
 2018 жылдың 24-30 мамыры күндері аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығы аясында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мемлекетімізде әлеуметтік мекемелерде тәрбиеленетін балаларға қолдау көрсету, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында бекітілген кестеге сәйкес «Абай үні» акция марафоны жүргізіледі. 
 30 мамыр күні марафонның жабылу салтанаты «Ізгілікті іс жолында» мәдени-сауықтыру шарасы ретінде өткізіледі. 
 Шараның басты ұйымдастырушылары Алматы қаласы Мәслихаты депутаттары және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тәрбие департаменті, Жастар ісі жөнінідегі комитеті және Студенттік кәсіподақ ұйымы. 
 Өтетін күні: 2018 жылдың 30 мамыры 
 Басталуы: 15.00-де. 
 Өтетін орны: Жағдайы төмен отбасылардағы балаларға арналған №10 мектеп-интернат (Каблукова көш. № 93) 
 |