қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
25.11.2020

Қазақстан мен Түркия Абайға арналған халықаралық симпозиум өткізеді

 

25.11.2020-27.11.2020 күндері Эгей университеті (Измир/Түркия) мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойыаясында «Абай - түркі әлемінің ұлы тұлғасы»атты халықаралық онлайнсимпозиум өтеді.

 

Эгей университеті Түркі әлемі зерттеулері институты, Еуразия ұлттық университеті «Абай академиясы» және Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығы бірлесіп ұйымдастырып жатқанхалықаралық ғылыми конференцияға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Татарстан (Ресей), Хакасия (Ресей) және АҚШ-тан 60-қа жуық абайтанушы ғалым қатысады.

 

Абай тілі, шығармашылығы, көркемдігі, ойшылдылығы мен жаңашылдығы жан-жақты талданатын және күллі түркі дүниесі белгілі ғалымдарының басын қосатынғылыми жиынүш күнге созылады. Абайға арналған осындай ауқымды халықаралық симпозиум биыл алғаш рет өткізіліп отыр.

 

Конференцияның ашылуында

 

Эгей университетінің ректоры, профессор Неждет Будак;

 

Еуразия ұлттық университетінің ректоры,профессор-академик Ерлан Сыдықов;

 

Халықаралық Түркі академиясының президенті,профессор Дархан Қыдырәлі;

 

Түркия мемлекеттік Tүрік тілі құрымы президенті,профессор Гүрер Гүлсевин;

 

Халықаралық TURKSOY ұйымының Бас хатшыорынбасары, доцент Біләл Чакыжы;

 

Еуразия жазушылар ұйымы төрағасы,доцент Якуп Өмероғлу;

 

«Түркі әлемі зерттеулері институтын» құрушы ақсақал профессор Фикрет Түркмен мырзалар қатысып, сөз сөйлейді.

 

Ғалымдар ұлы ойшыл, хакім Абайдың мұрасын зерттеу бағытындағы ғылыми ізденістерімен бөліседі. Симпозиумда оқылған баяндамалар мен мақалалар жинақ кітап болып шығарылады.

 

Басталуы: 25 қазан сағат 13.00

 

Орны: Сәтпаев к/сі 2, ЕҰУ бас ғимараты, 259 ауд.

 

Симпозиумға сілтеме 8 702 36 36 005 нөмірі бойынша аккредитация өткеннен кейін жіберіледі

 

25.11.2020 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz