қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
17.03.2021

Қазақ ұлттық педагогикалық университеті түлектерді жұмыспен қамтитын сәтті жобаларды жүзеге асыруда

 


 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті өз түлектерін жұмыспен қамту бағытында қарқынды жұмыс істеп келеді. Оған 2018-2019, 2019-2020 оқу жылдарындағы 95, 97 пайыздық көрсеткіштер дәлел.

 

Университет жұмыс берушілер мен студенттер арасында кедергісіз қатынас орнату үшін 2019 жылы «Mansap» мобильді қосымшасын қолданысқа берді. Қосымшада білім алушылар өздерінің түйіндемелерін толтырып орналастыра алады және бос жұмыс орындары туралы ақпаратты көре алады. Ал жұмыс берушілер қосымшаға тіркеліп, өздеріне қандай мамандар қажет екенін. Жариялаған бос орындарына сәйкес түлектеріміздің түйіндемелерімен таныса алады. Егер екі тараптың талабы мен тілегі сәйкес келсе онда тікелей байланыс орнату мүмкіндігі туындайды.

Қазіргі уақытта «Mansap» қосымшасында 4063 қолданушы бар; тіркелген жұмыс берушілер саны - 1012, оның ішінде 604 мектеп, 311 балабақша және 97 жеке мекеме; тіркелген білім алушылар (жұмыс іздеуші) саны - 3051 адамды құрады.

 

«Mansap» мобилдік қосымшасы 2019 жылдың қаңтарында басталып, 2019 жылдың 12 сәуірінде қолданысқа берілді.

 

«Bagdar» платформасы

 

Бұл платформа университет түлектерін университетке келген бос жұмыс орындары негізінде жұмысқа бөлуге арналған. Платформа онлайн режимінде жұмыс істейді. Барлық бос жұмыс орындары кесте түрінде ұсынылған: студент өзіне керекті аймақты, мамандықты жылдам іздеп таба алады, енгізілген студенттің аты-жөнін өзге студент (адам) өзгерте алмайды.

 

Платформадаға ақпаратты «Мансап» орталығының басшысы Excel форматында жүктеп, сол бойынша жұмысқа жолдама береді. Платформа android, ios, windows ,бағдарламаларына сәйкестендірілген. Бұл жобаны әзірлеу 2021 жылдың 1 наурызында басталып, ағымдағы жылдың 16 наурызында аяқталды. Қазіргі уақытта платформа апробациядан өтуде. Платформа 2021 жылдың 15 сәуірінен бастап білім алушылардың қолданысына беріледі. Идеялар мен жобалардың авторы - Р. Жетібай.

 

 

17.03.2021 ж.

Ақпарат көзі: turkystan.kz