қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
09.04.2021

Бос орындар жәрмеңкесі - 2021

 

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті көп жылдардан бері түлектерін жұмысқа орналастыру үшін қарқынды жұмыс жүргізіп келеді. Биылғы жылы да университет ректоры Такир Балықбаевтың бастамасымен 2021 жылдың 2 сәуірде «Жұмыс берушілер апталығы» жарияланды.

 

«Жұмыс берушілер апталығы» аясында Алматы облысы білім басқармасы, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы, BINOM SCHOOL мектептер желісі, Алматы қаласы білім басқармаларымен жеке кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында студенттер сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды. Университет пен білім басқармалары бірігіп жұмыс істеудің оң шешімдерін қарастырды.

 

Осы кездесулердің түйіні ретінде 2021 жылдың 9 сәуірінде «Бос орындар жәрмеңкесі - 2021» өткізілді. Жәрмеңкені академиялық мәселелер жөніндегі проректор Асан Сәтмырзаев ашты. Жәрмеңкеге академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, «Мансап» орталығының басшысы Гулира Үсейн, Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты Жетібай Рақымберді, Алматы қаласы білім басқармасына қарасты орта білім беру ұйымдары, Алматы облысы білім басқарамсына қарасты аудандық білім бөлімі басшылары, мектеп директорлары, Жамбыл облысы білім басқармасы өкілдері, Ақмола облысы білім басқармасы өкілдері, BINOM SCHOOL мектептер желісі, «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері, Атырау облысы білім басқарамсының аудандық білім бөлімі басшылары қатысты. Кездесу барысында әр облыс өзіне қажетті мамандарға сұраныстар туралы ақпарат берді. Университеттің «BAGDAR» платформасы таныстырылды. Түрлі сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

 

Жәрмеңке барысында «BAGDAR» платформасына енгізілген еліміздің 10 аймағының 357 мекемесінен келген 945 бос жұмыс орыны университет түлектеріне ұсынылды. Бұдан өзге жұмыс берушілер тарапынан университет түлектеріне 2000-ға жуық бос орындарға шақыртулар болды. Жәрмеңке соңында жұмыс берушілер тарапынан ұсынылған бос орындарға студенттер баратынын мәлімдеді. Қосымша ақпарат ретінде әртүрлі үстем ақылар, және биылғы жылғы жұмысқа қабылдаудағы өзгерістер сөз болды. Жұмыс берушілер университет тарапынан жүргізіліп жатқан «Педагогтік қайта даярлау» курсына қызығушылық танытып, осы жоба барысында бірге жұмыс істейтіндерін жеткізді.

 

09.04.2021 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz