
 
|  Главная 
Новости 
30.04.2021 РhD дәрежесін алу үшін А.Ш. Абижанованың диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді 
 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы «6D010300 - Педагогика және психология», «6D010700-Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары бойынша құрылған Диссертациялық Кеңесінде «6D010700-Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Абижанова Асем Шаймерденовнаның «Студенттердің көркемдік-шығармашылық әлеуетін ұлттық кестені оқыту үдерісінде дамыту» тақырыбында диссертациясы қорғалатынын хабарлайды. 
 Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған. 
 Қорғау тілі - қазақша. 
 Ғылыми кеңесшілер: Әлмұхамбетов Берікжан Айтқұлұлы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан. Ömer Zaimoğlu - доктор, профессор, Ақдениз университеті, Анталия қ., Түркия. 
 Рецензенттер: Мұсалимов Теміржан Құмхаметұлы - педагогика ғылымдарының докторы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан (мамандық шифры 13.00.08-Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша). Әуелбеков Ержан Бураханұлы - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауым.профессор. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан (мамандық шифры 13.00.01- Жалпы педагогика және білім тарихы,этнопедагогика). 
 Қорғау 2021 жылғы 31 мамыр сағат 16:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, Бас оқу ғимараты (3-қабат, 320-кабинет). Сайттың мекен жайы: www.kaznpu.kz 
 Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы бұйрық 
 |