қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
16.11.2016

«БІЗ, ТӘУЕЛСІЗДІК - ҰЛАНЫ»

ӘСКЕРИ ЖАТТЫҒУ САЙЫСЫ

2016 жылдың 16 қарашасы күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Абай атындағы ҚазҰПУ Тәрбие басқармасы мен Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен институт студенттері арасында әскери сайыс ойындары ұйымдастырылды. Әскерилендірілген ойындар «Спартак» спорт кешенінде өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты студент-жастарда азаматтық-патриоттық негіздерді дамыту, оларда өмірдің әр саласына қажетті белсенділіктерін арттыру.   

Шараға университетіміздің 5 институтының студенттері қатысып, 4 әскери қолданбалы спорт түрінен (сапқа тұрып қадамдау, автоматты жартылай жинау/шашу, қол күрес, эстафета) сайысқа түсті.

Жарыстың қорытындысы бойынша командалық I орынды Педагогика және психология институтының студенттері иеленсе, ІІ орын - Жаратылыстану және география институты, ІІІ орынды - Өнер, мәдениет және спорт институтыны жеңіп алды.

      Жеңімпаздар арнайы «Алғыс хаттармен» марапатталды.