«ҚР үздік кафедрасы - 2021» конкурсы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының  үздік кафедрасы -  2021»  университетаралық конкурсы өтті. Конкурсты ұйымдастырған -  «Qazaqstan Education» білім беру мекемелері басшыларының қауымдастығы.
Конкурстың мақсаты - жоғары оқу орындарында білім беру үрдісінің сапасын арттыру, ҚР  ЖОО кафедралары арасында оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудың озық тәжірибесін анықтау және тарату.
 
Конкурстың міндеттері:
 - кафедралардың білім беру қызметін жандандыру;  
 - оқу үрдісіне оқытудың инновациялық әдістерін әзірлеу (іздеу) және енгізу;
 - профессор-оқытушылар құрамының шығармашылық әлеуетін дамыту;
 - білім беру процесінде оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру.
 Байқаудың нәтижесі бойынша «Жаратылыстану ғылымдары» бағыты бойынша I дәрежелі дипломмен  Жаратылыстану және география институтының «Химия» БББ тобы марапатталды. «Химия» БББ тобының жетекшісі Жазира Мұқатаева конкурсқа белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
 
 
  