қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
08.09.2022

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымы Президент Жолдауын талқылады

 


Мұндағы мақсат - өзгеруді өздерінен бастап, өскелең ұрпаққа жеткізу


Мықты Президент, есеп беретін Үкімет - Жаңа Қазақстанның жаңаруына сүбелі үлес қоспақ. Дәл осындай ұранмен Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің ұжымы Жолдауды талқылауға арналған жиын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.


Жиында білім мен өркениет, ел экономикасының дамуы, педагогтардың біліктілігін арттыру сынды өзекті мәселелер сөз болды. Мұндағы мақсат - өзгеруді өздерінен бастап, өскелең ұрпаққа жеткізу.


"Біздің президентіміз жыл сайын білім саласына арнайы тоқталып, үлкен-үлкен бағыттар береді. Жалпы халықаралық тәжірибиесінен алынған жақсы идея, жақсы бастама деп ойлаймын. Өйткені ең дамыған мемлекеттер осы әдіс-тәсілді пайдаланады. Іс-шараға біздің академиктеріміз, Аманат партиясының өкілдері де келіп қатысып отыр", - деді университет ректоры Дархан Біләлов.


Оның айтуынша, жиында университет студенттері де өз пікірін білдірген.


"Жаңадан дүниеге келген сәбилерге 18 жасқа дейін мына Ұлттық қордан ақша аудару, бұл біздің жалпы әлем дүниесінен қарасаңыз, мынау Араб елдерінен алынған үлгі", - деп пікірін айтты кафедра меңгерушісі Алма Әбілқасымова.

 

08.09.2022 ж.

Ақпарат көзі: almaty.tv